Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3194 2 пікір 11 Қараша, 2020 сағат 11:55

17 мың қазақстандық жалған ломбардтарға алданған

17 мыңға жуық қазақстандық жекелеген қаржы ұйымдарының қызметінен зардап шекті. Бұл туралы LS сайты мәлімдеді. 

Келтірілген шығын 21 миллиард теңгеден асқан. Мемлекеттік орган ломбардтардың атын жамылып, алаяқтар іс жүзінде қаржылық пирамидалар ұйымдастырғанын айтады.

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 350-ден астам ломбард пен онлайн-несие берушілердің қызметін тексерді.

Жасырын комиссиялар құру, микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені жоғарылату және кепілдік заттарды негізсіз сату сияқты қарыз алушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталды.

«Жекелеген қаржы ұйымдарына жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша 70 миллион теңгеден астам айыппұлмен 910 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды. Агенттік 150 нұсқаулық енгізді, оған сәйкес қарыз алушыларға 130 миллионнан астам теңге қайтарылды», - деп түсіндірді прокуратура.

Мемлекеттік орган Қазақстанда сыйақы мен тұрақсыздық жағдайларын қоспағанда, микрокредиттер беру кезінде қарыз алушылардан кез-келген төлемдер мен комиссияларды алуға заңнамалық тыйым салынғанын еске салды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап микроқаржы қызметін міндетті лицензиялау енгізіледі.

Ал, бұған дейін үш қаржылық пирамида 8 миллиард теңге шығынға батырғаны айтылған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1315
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2882
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903