Фабионың арманы Димашпен бірге ән салу. Болашақта бірлескен композиция жазуды да ойға алып жүр. Жақында ол қазақстандық әншіге  «Angelo senza confine» (Шекарасыз періште) атты әнін арнады. Онда Димашқа айтқысы келген ойын музыка арқылы жеткізген.

Қазір Фабио Dear-лар үшін тағы бірнеше тосын сый дайындауда. «Самал таудан» басқа, ол Димаштың әніне тағы бір кавер шығаруды жоспарлап отыр. Одан соң өз әндерін жазуды бастамақшы.

Айта кетейік, «Самал тау» әні 1916 жылғы көтеріліс жайлы. Онда II Николай патшаның тыл жұмысына «бұратана» халықтарды тарту жайлы жарлығына қарсы халықтың көңіл-күйі сипатталған.