Сенбі, 23 Қараша 2024
2267 3 пікір 13 Қараша, 2020 сағат 14:21

COVID-19: АҚШ Қазақстанға 1 млн.доллар көлемінде көмек көрсетеді

Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы өзінің Халықаралық Даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстан үкіметі COVID-19 пандемиясына қарсы күресу бойынша іске асырып жатқан шараларды қолдау үшін қажетті жабдық пен материалдарды сатып алғаны жөнінде жариялады.

Бұл жабдықтар USAID агенттігінің Жергілікті денсаулықты сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жобасы шеңберінде берілді. Материал жеткізілімінің бұл екінші кезеңі 1 миллион 113 мың 907 долларға бағаланып, Қазақстанда COVID-19 індетіне төтенше жауап қайтару шараларын да, пандемияға ұзақ мерзімді дайындалуды іске асыру мүмкіндіктерін де қолдайды.

Бұл мамандандырылған зертханалық жабдықтардың арқасында Денсаулықты сақтау министрлігі COVID-19-ті тез анықтау, сондай-ақ келешектегі, әлі белгісіз індеттерге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында неғұрлым қуатты әлеуетке ие болады. Індет жағдайында COVID-19 сияқты жұқпалы аурулардың халық арасында таралуының баяулауы және тоқтауы қысқа уақыт аралығында анық диагностикалық тесттерді өткізу мүмкіндігіне байланысты. Бұл тесттер мен материалдар Қазақстан үкіметінің анық тестілеуді өткізу, сондай-ақ COVID-19 секілді вирусты қатерлерді анықтау, зерттеу және түсіну қабілеттілігін кеңейтеді. Бұл қолдау шеңберінде 50 000-ден астам вирустық тасымалдау құралдары мен Cepheid SARS-COV-2 анықтау картридждері кірді және жағдайды жедел анықтау бойынша ағымдағы күш-жігерді қолдауға бағытталды.

Қазақстан үкіметі USAID-пен серіктестікте жобаны қолдау үшін басым бағыттарды белгіледі және USAID-тің Дергілікті денсаулықты сақтау жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету жобасы шеңберінде қажетті зертханалық материалдарды сатып алуды жалғастырады. 700 000 АҚШ долларынан астам сомаға алынған қосымша зертханалық материалдар 2020 жылдың қараша айында жеткізілуі күтілуде. USAID Қазақстанның дайындық және әрекет ету бойынша Ұлттық стратегиялық жоспарын қолдап, осы уақытқа дейін қосымша сатып алулар да іске асырылды.

АҚШ үкіметі Қазақстанда COVID-19 індетімен күресте жәрдем көрсетуді іске асыру үшін 5,7 миллионнан доллардан астам ақша бөлді. Бұл көмек денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы стратегияларына сүйене отырып, Қазақстандағы эпидемияға қарсы алдын-алу, анықтау және әрекет ету қажеттіліктерін қолдайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489