Сенбі, 23 Қараша 2024
4651 6 пікір 16 Қараша, 2020 сағат 12:36

Түркия президенті Кипрді екі мемлекетке бөлу керек деп мәлімдеді

15 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тәуелсіздігін Анкара ғана таныған Солтүстік Кипрге барып, халықаралық қауымдастық Кипрдің екі мамлекетке бөлінгенін ресми танығанын қалайтынын мәлімдеді.

"Кипрде екі ел және екі мемлекет бар. Келіссөздер өткізіп, оның нәтижесінде екі жақ өзінше екі мемлекет болуы тиіс", - деді Ердоған.

Солтүстік Кипр 1983 жылы өзін егемен ел деп жариялаған. Оған дейін аралдың кипрлік түріктер басым солтүстік бөлігін Түркия әскері оккупациялап алған. Оның егемендігін Анкара ғана таныған.

Осыған дейін Кипрдің екі тарапы аралды біріктіруге байланысты келіссөздер жүргізіп келді. Бірақ нәтиже бермеді.

Бірқатар басылымдар атап өткендей, Кипрдің солтүстігінде Ердоған қолдаған саясаткер Эрсин Тартар билікке келгеннен кейін екі тарапты қосу туралы келіссөздер бұрынғыдан да қиындай түсті. Тартар халықаралық қауымдастық Солтүстік Кипрдің тәуелсіздігін тануы керектігін айтып келеді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454