Экс-банкир Ертаев 11 жылға сотталды
Алматыда экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Онлайн форматта өткен сот отырысында Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий банкирді 11 жылға бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкімді оқыды.
– Қылмыстық кодекстің 218 және 28-баптары бойынша Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ оған жазасын өтеп болған соң 10 жыл бойы банк пен қаржы саласында жұмыс істеуге тыйым салынады,-деді ол.
Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің бірінен 144 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған қаржыгермен бірге сотта 36 адамның ісі қаралды. Олардың арасында банктің бұрынғы топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлері де бар.
Айта кетейік, бұған дейін Жомарт Ертаев кінәсін толық мойындап, өзінің іс-әрекетіне өкінетінін мәлімдеген еді.
Abai.kz