Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4749 4 пікір 20 Қараша, 2020 сағат 17:07

Қытайдың сиыр етінен коронавирус анықталды

Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері айтты. Бұл туралы «tengrinews.kz» сайты хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелініп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылып отыр.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр.

Бұған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған болатын.

Еске салайық, мұның алдында 20 елдің азық-түлік пакеттерінен коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 899
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2330
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 604
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 583