Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 4451 10 пікір 25 Қараша, 2020 сағат 11:28

Бұл сайлау - тіл мен діл сайлауы

Қазақ елінде ана тіліміз күш алған кезде өткелі отырған сайлау ресейлік саясаткерлердің шабына шоқ түсіруде. Realpolitik Қорының Президенті әскери ғылымдар Академиясының эксперті Владимир Прохватиловтың қаламынан шыққан сондай «Қазақстандағы орыс тілі мен орыстарға соқтығушылық неге апарып соқтырады//к чему приведут нападки на русский язык и русских в казахстане?» атты шулы мақаласы жарияланды.

Екінші Таулы Қарабақ соғысына дейінгі аралықта 2015-2019 жж. аралығында Әзербайжанға қатысты аузына келгенді айтқан әм фантастикалық болжамдар жасаған Владимир Прохватиловтың жанына біздегі Парламент сайлауында қазақ тілінің күш алуы батады екен. Оны автор «Қазақстандағы 2021 жылдың 10 қаңтары қарсаңындағы парламент сайлауына бел шеше кірісушілік орыс тілі мен орыс тілділерге қарсы шыққан бой көрсетушіліктен бастау алды.

Осы орыс тіліне қарсы науқанды «Жас Алаш» газеті Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің қызметкері Айыпхан Мұхамадиевтің 13 қазанда шыққан мақаласымен бастап берді. Онда автор парламентте орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады деп ашық наразылық білдіреді. «Издевательство над казахским языком» деп аталған мақала авторы Мұхамадиевтің жазуынша «Қазақстан Республикасының Парламенті заңнамалық іс-әрекетін тек мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жүргізуге міндетті болуы керек екен» деп бүкіл ұлтқа күл шаша бір көсілген сарапшы.

20 қазандағы Павлодардағы шеруге бір шүйлігіп, одан ары: «25 қазанда «Адырна» журналы «2030 жылға қарай орыстың үлесі 10 пайызға азаяды» атты мақала жариялады. Онда 2019 жылғы республикадан басқа елге көшкендердің статистикасы келтірілген. Қазақстаннан кеткен 45 мың адамның 31 мыңы (90%) – орыстар, украиндар және белорустар екен.

Қазақстаннан кетіп жатқандар негізінен орыстар, украиндар және белорустар болып табылады» деп славяндардың санының азаюына бармағын тістей қапаланады.

Қырағы автордың назарынан «Қайсар» командасында бас бапкер Стойчо Младенов тарапынан орын алған тілдік кикілжің мен экологиялық белсенді Салтанат Тәшімованың соққыға жығылуы да тыс қалмаған. 

Ең сорақысы қазақ зиялыларының ұлтшыларға қой демей оларға жақтасуы жақсы ырым емес екен. Бұл туралы автор: «2020 жылдың басында орыс тілін түре қуушылардың қатарына Қазақстан зиялыларының бір бөлігі келіп қосылды. Сәуірде «Қазақ үні» газеті қазақ тілін қолдау үшін қол жинады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арналған ашық хатқа 700-ден астам адам қол қойса, оның ішінде «жазушылар Дулат Исабеков, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, халық әртісі Асанәлі Әшімов, академик Төрегелді Шарманов (түпнұсқада «Амангельды Шорманов» деп қате жазылған) және басқа да қазақ зиялыларының өкілдері болды» деп күйіне жазады. 

Керек десеңіз: «Убрать из Конституции РК 2-й пункт 7-й статьи! Принять закон о государственном языке, обязывающий к знанию государственного языка» – таковы требования подписантов этого письма. Напомним, что 2-й пункт 7-й статьи Конституции РК гласит: «В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык» деп талап етеуге қақымызда жоқ екен.

Ел Президенті ұлтшылардың алдына ақталып «Ана тілі» сұхбат берді-мыс деп орыс тілінің басына қара бұлтты үйірілтіп қояды.

Сөйтсек автордың арманы қазақтар өз елінде азшылық болған шақ екен: «Демографияға келер болсақ, қазақтар ҚазКСР өмір сүрген уақытта үнемі азшылықта болған ұлт болса да, егін егуге жармайтын халық аз қоныстанған жерлерде түбегейлі көпшілік болып табылды. Міне 1970 жылғы санақта:  қазақтар – 4161 мың, орыстар – 5499 мың...» деп өткенді аңсай егіле жазады.  

«Ұлтшылдар орыс мәселесін түбегейлі шешуге барын салып, осы жолда неден болса тайынайын деп отырған жоқ» деген сарапшы. Одан ары олар осы жолда ұлтаралық кикілжің тудыру үшін небір құйтырқы амалдарға дейін баруға қазірден әзір дей келе, «Ведётся работа, направленная на обострение национальных противоречий накануне парламентских выборов в январе 2021 года. Предполагается, что националистический угар может принести успех на выборах «Демократической партии» Жанболата Мамая, одного из лидеров казахских нацпатов» деп Жамболаттың тіркелмесе де Ресей сыртқы барлауы қатты жасқанып отырған бірден-бір қазақ тілді партиядан аяғын тарта сөйлеп бір жортақтап алады.

Қазақ елінің тәуелсіздігіне қол сұққан мақала дұңған мен қазақ арасындағы ақпан оқиғасы сайлаудан кейін өз жалғастығын тауып, «орыстарға да бәле болып табылмайды ма?» деп аяқталады.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616