Мұхтар Әуезов. Қазақ халқының ұлы ақыны (жалғасы)
Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, әйелге жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама моральдық тереңдікпен айтылады,
Шығыс әйелдерінің халық поэмалары мен тұрмыс-салт жырларында суреттелетін қайғылы, бақытсыз халі Абай творчествосында жаңа мағынаға ие болады. Өз поэзиясында Абай әйелдің жан-жүйесін көрсетеді, ал бұл жөнінде бұрынғы поэмалар мен жырларда аз айтылатын да, әйелдің қасіретті тағдырына сырттай ғана баса көңіл бөлінетін. Абай сүйген адамын өзі қалаған әйелдің махаббаты қаншалықты жан тебірен-терлік, кіршіксіз таза, терең болатынын, оның қиыншылықпен қолы жеткен бакыты үшін күресте қажырлы, берік екенін көрсетеді. Абай қазақ әйелін, ананы семьяның тірегі ретінде жырлайды, оның жанқиярлығын, даналығын, шын көңілмен берілген достыққа беріктігін, оның адал, тамаша жанының тұтастығын мадақтайды. Қалыңмалға, көп қатын алушылыққа, әйелді күндікте ұстаушылыққа жан-тәнімен қарсы шыға отырып, ақын әйелдің қоғамда тең праволы болуы үшін күреседі.
Абай бұрынғы ауылдың ғасырлар бойғы ескіліктерін, енжарлық пен жалқаулықты қатты түйреумен бірге, ақылы бар, бойында күші бар адамға қажетті қасиет ретінде еңбекті сүюшілікті жырлайды.
Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, әйелге жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама моральдық тереңдікпен айтылады,
Шығыс әйелдерінің халық поэмалары мен тұрмыс-салт жырларында суреттелетін қайғылы, бақытсыз халі Абай творчествосында жаңа мағынаға ие болады. Өз поэзиясында Абай әйелдің жан-жүйесін көрсетеді, ал бұл жөнінде бұрынғы поэмалар мен жырларда аз айтылатын да, әйелдің қасіретті тағдырына сырттай ғана баса көңіл бөлінетін. Абай сүйген адамын өзі қалаған әйелдің махаббаты қаншалықты жан тебірен-терлік, кіршіксіз таза, терең болатынын, оның қиыншылықпен қолы жеткен бакыты үшін күресте қажырлы, берік екенін көрсетеді. Абай қазақ әйелін, ананы семьяның тірегі ретінде жырлайды, оның жанқиярлығын, даналығын, шын көңілмен берілген достыққа беріктігін, оның адал, тамаша жанының тұтастығын мадақтайды. Қалыңмалға, көп қатын алушылыққа, әйелді күндікте ұстаушылыққа жан-тәнімен қарсы шыға отырып, ақын әйелдің қоғамда тең праволы болуы үшін күреседі.
Абай бұрынғы ауылдың ғасырлар бойғы ескіліктерін, енжарлық пен жалқаулықты қатты түйреумен бірге, ақылы бар, бойында күші бар адамға қажетті қасиет ретінде еңбекті сүюшілікті жырлайды.
Ол өзіне дейінгі дидактикалық, уағыз поэзиясының канондарын бұзды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» атты өлеңдеріндегі өзінің акындық программасында Бұқар жырау, Шортанбай, Дулаттарды қатал сынап, олардың поэзиясын «құрау-жамау» деп атайды. Абай оларды жас ұрпаққа рухани азық бермей, халықтың қоғамды қайта құру күресіне зиянын тигізгені үшін еткен, құлдық заманды жырлап, дәріпте-гені үшін айыптайды. Абай жана поэзияның биік мақсаты, міндеті - халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалықка шақыру деп біледі. Халықтың еңбек етіп, өз правосы үшін күресуі ғана дала кедейіне тәуелсіздік әпереді, білімге, аянбай оқуға ұмтылу ғана жас ұрпақтың қолын жақсы өмірге жеткізеді.
Оқуға шақыруды Абай жалаң уағызбен айтпады. Абайдың бүкіл поэзиясы, оның жаңа лебізді, орамды өлеңінің, өмірлік қуатқа толы образдарының күші қа¬зақ қоғамын ескірген идеялар мен сезімдер шеңберінен шығарды, ауыл еңбекшілерінің ортасынан шыққан адамдардың басын катырған мұсылман медреселерінің схоластикасы мен балдыр-батпақтарын аяусыз шенеді.
Абай Шығыс поэзиясына, Таяу Шығыстың бұрынғы және сол тұстағы мәдениетіне келгенде де өзіндік бетің сақтай білді. Ол тұпнұсқа арқылы (ішінара шағатай тіліндегі аудармасы арқылы) араб-иранның бүкіл батырлық-діни эпосын, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Фзули сияқты классиктерін білді. Жас шағында ол қазақ өлеңіне «ғаруз» өлшемін тұңғыш рет енгізіп және сол классиктердің ақындық лексикасынан алынған көптеген араб-парсы сөздерін енгізіп, әлгі ақындарға өзі де еліктеген еді. Кейін, халық творчествосынан искусствоның анағұрлым өмірлік берік негіздерін тауып, Абай шығыс әдебиетінен халық шығармалары - «Мың бір түнді», парсы мен түріктің халық ертегілерін, халық эпосын жоғары бағалады. Ол әңгімелеген «Шаһнама», «Ләйлі - Мәжнүн», «Көроғлы» поэмалары ел арасына кең таралды.
Таяу Шығыс мәдениетін, тарихын зерттей жүріп, Абай Табари, Рабгузи, Рашид эддин, Бабур, Абулғазы-Баһадур хан және басқаларының еңбектерімен танысты, сондай-ақ шығыстың діни ғалымдарының пайымдауындағы логика мен мұсылман правосы негіздерін де білді. Абай Таяу Шығыстың ежелгі мәдениеті ғана емес, со¬нымен бірге өз заманындағы мәдениетімен де жақсы таныс болатын. Ол татардың тұңғыш ағартушыларының да еңбектерін білетін.
Жаңа туып келе жаткан ең бір кертартпа діни-саяси ағым панисламизм мен пантуркизмге Абай сол жылдардың өзінде-ақ дұрыс баға бере білген еді, бұл ағымды қазақ молдалары, қожалары, дала феодалдары жанын сала қолдайтын. Бұл бағытқа қарсы. Абай өз халкы мәдени прогреске орыс халкының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды - бұл ретте ол өмірінін, ақырына дейін дәйекті, табанды болды. Ол панисламизм пен пантуркизмді шығыс халықтарының ғасырлар бойғы окшаулығы мен мешеулігін тапжылтпай, нығайта түсетін топас фанатизм деп есептеді.
Ұлтының және діни нанымдарының өзгешелігіне қарамастан барлық халықтардың бейбіт, тату тұруына негізделген ағарту үшін нағыз жалынды күрескер Абайдың көзқарастары мейлінше кең, әрі батыл, еркін болды. Әлеуметтік және мәдени өмірдін барлық мәселелерін езілген бұқараның тұрғысынан қараған ойлы, дана художник Абай - қазіргі күнде өзінің «ғажайып» жамылғысынан айрылып, халықаралық имиериализмге жалданған, буржуазияшыл-кертартпалық ұлтшылдық мәнін әшкере еткен панисламистік және пантуркистік идеялардың залалды әсерін сол кездің өзінде-ақ алдын-ала көре білді.
Өзінің творчествосында Абай осы жалған «Шығыстың оянумен» бірге бір қадам да басқан жоқ. Абайдың ақындық мұрасына, әсіресе махаббат жайындағы өлеңдерінде, лирикалық толғануларында, «Масғұт» атты философиялық-моралистік поэмасында Шығыс классиктерінің әсері шүбәсіз екенін көреміз. Бірақ ол Шығыс поэзиясы классиктерінің кезінде болашакқа бет бұрған, дамып, жаңа бір нәрсеге айналуға мүмкіндігі бар табыстарына ғана мұрагерлік етті. Абай шығармаларындағы идеялық-көркемдік мазмұнның реализмі, сезім шынайылығы, өмірді терең бойлап сезіну, адам қатынастары мен дүниені нақтылы түрде қабылдау - дәстүрлі шығыс поэзиясының жаңа өмір мен жаңа ұмтылуларды бойына сыйғыза алмай, әлдеқашан тозған сипаттарына мүлдем қарама-қарсы, өзгеше.
Тіпті, Абайдың өз діни нанымдары мен ішкі сенімдерін бейнелейтін өлеңдері де мұсылман діңінің кітаби догмаларынан мүлдем басқа. Айқын сыншыл ойды жақтаған Абай, көбіне исламның ресми түрде уағыздалған догмаларын тікелей жокқа шығарып отырады. Ол үшін дін - тек адамның жеке басының моральдык жетілуінің құралы ғана. Молдалар мен фанатиктерге, ис¬лам мен схоластиканы таратушыларға, құраншыларға арналғаң өлеңдерінде ақын оларды «мал құмар көңілі бек соқыр, бүркіттен кем бе жем жесі?» деп аяусыз ажуа етеді.
Алайда Абайдың үнемі дәйекті бола бермегенін атап еткен жөн. Молдалар мен ишандардың діни фанатизмін, екіжүзділігін, пайдакүнемділігін сынай отырып, Абай бірсыпыра өлеңдерінде, әсіресе, «Қара сөздерінде» дінді жақтады. Дидактикалық өлеңдеріндегі насихатының бірқатарын Абай ислам заңдарымен дәлелдеді. Ол діннің негіздерінің өзін мақұлдамайтын саналы, дәйекті философиялық материализм дәрежесіне көтеріле алма-ды.
Оның көзқарасындағы осындай әлсіздіктің бір себебі сол - феодалдардың халық бұқарасын адам айтқысыз қанап отырғанын әшкерелей, жек көре тұра, Абай сол қанаудың таптык езгісін әбден түсініп жетпеді. Оның бүкіл өмірі өткен кішкене өнердің көшпелі тұрмыс жағдайы мәдени-экономикалық факторлардың тарихи маңызын жете бағалауға мүмкіндік бермеді. Бұл мәселелерге орыстың ұлы революцияшыл-демократтары сияқты ықылас қоюшылықты және экономикалық укладты өзгерту күресін түсінушілікті оның творчествосынан таба алмаймыз. Оның ағартушылық сипаты басым еді де, келешекке деген үмітін қазақ халқының сол замандағы оку-білімге тезірек жуықтауына, гуманистік идеяларды кең тарату идеяларына артты, ол мұның қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді.
Абай өздігінен білім алудың ұзақ жолын өтті. Пуш¬кин, Лермонтов, Крыловтардан бастаған ол алпысыншы, жетпісінші жылдар әдебиетімен де танысты, тек ақындарды ғана құрметтемей, Лев Толстой, Салтыков-Щедрин сиякты ұлы прозаиктерді де түсінді. Орысша аудармалар арқылы Абай Гете мен Байронды, Батыс Европаның басқа да классиктерін білді. Орысша аудар¬малар арқылы ол ежелгі замандардағы әдебиетпен де танысты. Акынның достарының айтуы бойынша Абай Батыс философиясымен де қызықсынған көрінеді (мы¬салы, Спиноза мен Спенсерді окығаны, Дарвин жайын сұрастырғаны мәлім). Алайда оның философиядан алған білімі белгілі бір жүйеге түспеген еді. Маркс және оның ғылымы туралы ол білмеген болса керек.
Абайдың орыс классиктеріне творчестволык жолмен келуі ақын қызметінің әрбір жаңа кезеңінде жанаша болып отырады. Крыловты аударғанда, Абай онын, мысал моралін қазақ ұғымы мен түсінігіне сәйкестендіре, кейде өзгертіп, өзгеше бір нақыл сөз түріне келтірді. Бірақ «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Жалау», «Демон» үзінділерін алсақ, Лермонтовтан аударылған өлеңдерінің ішінде өзінің дәлдігі мен шеберлігі жағынан күн бүгінге дейін бұлардан асқан аударма жоқ.
Абайдың Пушкинге көзқарасында бүтіндей бір өзгешелік бар. «Евгений Онегин» үзінділері аудармадан гөрі, Пушкин романын шабыттана әңгімелеуге ұксайды. Бұл ретте Абай Шығыс поэзиясында ертеден калыптасқан «нәзира» үлгісін қолданып, өзінен бұрынғы ақындардың тақырыбы мен сюжетін жанаша баяндайды. Мысалы, біз «Ләйлі мен Мәжнүн», «Фархад пен Шырын» және «Александр Македонский» (Ескендір) туралы поэмалардың сюжеттерін ертедегі тәжік, азербайжан, өзбек классигі Навоиға ұқсап, Александр (Ескекдір) мен Аристотельді осы қайталау планында жырлайды. Ұлы мұраны еркін акындык баяндаудың осы мәнерін Абай «Евгений Онегинге» де қолданған. Татьяна мен Онегин образдарының биік поэтикалығына, шыиайылығына ғажап қалған Абай олардың тарихын баяндайды, олардың ұлы қастерлі сүйіспеншілігінің бағалылығын баса көрсетеді және оны қазақ жастарының ұғымына жақындатады. Абай версиясында «Евге¬ний Онегин» эпистолярлық роман түріне ие болған.
Татьяна мен Онегиннің сүйіспеншілік хаттарына мелодиялар шығарып, оларды ақындардың репертуарына енгізген, сөйтіп бұл есімдердің ел арасында кеңінен белгілі болғаны соншалық - дала жастарынын сүйіспеншілік хаттары солардың сөздерінен басталып отырған.
Қазақ әдебиетінін өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды, бірақ оның орыс әдебиетімеи байланысы мұнымен ғана тамамдалмайды. Бұл мәдениет пен көркемдік дәстүрлердің аса күшті ықпалын Абайдың өз творчествосынан іздеу керек. Мысалы, Пушкинді Абай басқа орыс классиктерінен гөрі сиректеу аударған. Солай бола тұрса да, оның орыс акынымен байланысы өз творчествосында әрі терен, әрі айқын көрінді. Онын лирикалық ойға шомуларында, табиғат суретін реалистікпен беруінде, махаббат иесі әйелдін жүрегін терең түсінуінде, әлеуметтік сарындардың адамгершілік үнінде Пушкиннің көптеген сипат белгілері бар.
Пушкиннің және дүние жүзінің ақындық мәдениетімен іштей терең байланысу ғана Абайдың жылдың төрт мезгілІ туралы өлеңдерін, лирикалық өлеңдері мен ақындық толғаныстарын, ақын қызметі. жайындағы өлеңдерін, Александр Македонский мен Аристотель туралы поэманы жазуына мүмкіндік берді.
Ақынға арналған өлеңінде Абай ақынды қоршаған ұятсыз-арсыз, енжар ортаға оның тәуелсіздігін, шыншылдығын, ер тұлғасын, шабытты ойының шиыршық атып шаркұруын қарама-қарсы қояды. Абай өзінің поэзиялық көзқарастарында Пушкинмен осылайша туысып жатады. Абай көркем проза жазбаған, бірак болыстарды,чиновниктерді, билерді, атқамінерлерді өлтіре сынап, мысқылдаған сатиралық елеңдерінде ол Салтыков-Щедринге көркемдік жағынан да, саяси жағынан да жақын.
<!--pagebreak--><!--pagebreak-->
Шәкірттерге арнаған бір өлеңінде Абай Салтыков-Щедринді халыққа зорлық-зомбылық көрсетушілердің дәлме-дәл суреттерін берген жазушы ретінде атайды.
Өкінішке қарай Абайдың Герценді, Белинскийді. Чернышевскийді және Добролюбовты қаншалықты білгендігі және қалай кабылдағаны туралы мәселе осы уақытқа дейін өте аз зерттелген. Тек жоғарыда аталған революцияшыл-демократтардың жолын куушылар Абайдың жақын достары болғаны және оның өз халқының азат, өнер-білімді болуын мақсат еткен арманына ортақтасқаны ғана белгілі. Бұл проблемамен тек Қазақстанның ғалымдары ғана шұғылданып қоймауы керек, өйткені, орыстың демократиялык интеллиген-циясының күресі ұлт аймақтарында, патша колониясынын, ұлттық ақындарының ой-пікіріне қалай әсер еткенін түсіну үшін мұның үлкен мәні бар. Крыловты, Пушкин мен Лермонтовты аударғанда Абай алдына тек көркемдік қана мақсат койды ма? Бұл алпысыншы жылдағылар программасының шінара жүзеге асуы, Чернышевскийдің халық бұқарасын тарихи жемісті, нағыз азат етуші білімдермен ағарту туралы ойларының жүзеге асуы емес пе?
Біз заманымызда ұлы ақын мүрасы қалай меңгерілуде, Абай өмірі мен творчествосын зерттей отырып, советтік ғылым өзінің алдына кандай проблемалар қояды деген мәселеге токтап өту қажет.
Қай халыктың болса да дүниежүзілік мәдениетке берген озат нәрсесінің бәріне үлкен ықыласпен қарайтын біздің советтік әдебиеттану ғылымымыздың социалистік мәні Абайдың ақындық мұрасын жан-жақты зерттеу, оның творчествосын, өзін Қазақстан мен Совет одағында ғана емес, сонымен бірге шетелдерге де кең насихаттау фактісінен айкын көрінеді.
1909 жылы Кәкітай Ысқаков Абайдың таңдамалы шығармаларын тұңғыш рет басып шығарады. Бұл кітапқа ақын өлеңдерінің үштен екісі ғана енді және онда ғылыми түсініктер берілмеді. Кәкітай жазған шағын алғысөзде Абайдың өмірбаяны жәйлі қысқа мәлімет және оның творчествосы мен көзқарасы туралы тым жалпылама ғана пікір болды. Бұдан кейін ақын шығармаларының Ташкент пен Қазандағы екі баспасы Кәкітай баспасын қайталады. Октябрьге дейін Абайды зерттеудің нәтижесі осындай болды.
Ал қазір ше?
Абай жайында жазылған енбектердің библиографиялық көрсеткішінің өзінде-ақ қалың кітап боларлық жұмыстардың аттары аталады; мұнда стиль мен тілдің проблемаларын Абай творчествосының идеялық мазмұны, оның өмірбаяны туралы проблемаларды, көптеген басқа мәселелерді қозғайтын ғылыми енбектер де, мақалалар да бар.
Алайда, бұл көрсеткіш "те Абай жайындағы еңбектерді, әсіресе соңғы жылдарда қазақ, орыс жазушылары мен ғалымдары, тарихшылар, педагогтер, журналистер жазған мақалаларды толык қамти алмайды
Абай есімі оку программаларына енгізілген, оған оқулықтан орын берілген, шығармаларының бірқатар нұсқалары хрестоматияларға кіргізілген.
Ол туралы пьеса, кинофильмдер жасалды. Осындай ортақ зор енбектің арқасында Абай бүкіл совет халқына тіпті жақын болып алды. Ол туралы Москваның, басқа қалалардын көптеген оқушылар конференцияларында айтылады, мектеп оқушылары жазбаша шығарма жазады. Қазақстан ғана емес, Москвада, Ле-нинградта, Бакуде және басқа қалаларда студенттер диплом жұмыстарын жазады, онын творчествосының әр саласынан диссертациялар жазылуда.
Бұл салада көп істер істелді. Сондықтан да ақынның мұрасын, оның өмірі мен дәуірін онан әрі зерттеудің проблемаларын еске түсірудің маңызы зор. Бұл пробле-малардың ішінен ең алдымен ақынның өмірбаянын терең зерттеу проблемасын айтуға болады.
Абай өмірбаянын «биографизмнің» тар шеңберінен шығару керек. Оның творчестволық және өмірлік жолын реформадан кейінгі дәуір шындығының нактылы жағдайлары белгіледі. Бұл жағдай жазушының жаңа типін туғызды. Алтынсарин де, Абай да осындай жазушылар болды, олар өздері туып өскен феодалдык ортадан қол үзіп, феодализмнің кертартпа негіздеріне қарсы шаруалар наразылығын білдірушілерге айналды.
Абай творчествосының халықтығын зерттеу - айрықша маңызды міндеттердің бірі. Өткендегі еңбектерде бұл проблеманы дұрыс шешуге қазақ әдебиеті «бірыңғай ағынмен» дамыды деген аса қате түсінік кедергі жасады. «Бірынғай ағын теориясы» рухында жазылған зерттеулерде Абай өзінің тағдыры мен творчествосын байланыстырған ортадан - қазақтың рефор-мадан кейінгі дәуірдегі шаруалардан оқшау алынды.
Мақалалардың көпшілігінде Абайдың халықтығы ақыннын, қайдағы бір мұрат-мақсатқа ұмтылуы ретінде көрсетілді, ол мұрат-мақсаттың өзі накты тарихи сипаттарсыз, қайшылықтарсыз көрсетілді, асылына келгенде, марксизмнің «еңбекшілер бұқарасының тарихын, халықтар тарихын» ескеру керек деген қағидасы еленілмеді.
Жазушы өз дәуірімен байланысты, оның халықтығы - тарихи әрі дамып отыратын категория. Лениннің Чернышевскийге, Герцен меи Толстойға, Горькийге берген бағасында бұл мейлінше терең әрі тамаша ашылған.
Абайдың тікелей халықтығы - халықты езушілерді қаналушы бұқараның тұрғысынан әшкерелеуінде Бұл ретте ол халыктың ауыз әдебиетіндегі накыл сөздерді, мәтелдерді, тілдегі. метафораларды, халық юморының тәсілдері мен құралдарын пайдаланады. Ол ауыл кедейін, қазақ әйелін, қарапайым адамдардың бейбіт еңбегін жақтайды, надан әкелердін содырлы мінез-кұлыктарының кесірі тиетін жас ұрпақты жак¬тайды. Бұл - тікелей халықтык белгілер. Шығармаларын өз халқының тілінде жаза отырып, акын халық ойы мен арманын неғұрлым өткір, терең, нәзік түрде жеткізу үшін бұл тілді байытып, дамытады. Абай халық жыршылары айта алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты.
Осыдан келіп Абай халықтығынын. екінші бір сапасы басталады. Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, стихиялы тілектерін, саналы түрде айтып, бұл үшін өз бойына жинаған нәрді пайдаланып, сол кездегі орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл ұлттық қазына жасайды. Оның творчествосында көрінген Белинскийдің, Чернышевскийдің эстетикалық принциптері, оның өлмес өшпес лирикалық туындылары, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты аударушы және насихаттаушы ретіндегі ағартушылық қызметі, адамгершілік қасиеті жоғары адамның маңызы мен ұлылығы туралы поэмалары айрықша бағалы қазына. Бұл шығармаларда Абай халық тағдыры, халықты езушіліктен құтқару амалдары туралы тікелей айтпайды, бірақ та Абай мұрасының бұл саласы да терен, халықтық болып табылады.
Бүкіл дүние жүзінін алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетінің манызды элементтерін қамтыған Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтерді. Абайдың халықтығы мынада: ол өз халқыньщ рухани көзі болып, алысты көре білді, халық үшін ойлап, халық үшін сезіне жүріп, оның тарихи келешегін көрсетіп берді.
Абай реформадан кейінгі дәуірдегі қазақ шаруаларының әлеуметтік тарихи тәжірибесін дұрыс бейнелеп, түйіндеп көрсетті. Бұл жәйт оның творчествосын «енбекші бұқара тарихының», озат қоғамдық ой тарихының фақтісі етті.
Зерттеушілер Абай творчествосы мен орыс әдебиетінің байланысы туралы аса маңызды бір проблема жөнінде аса көп жұмыс жүргізуге тиіс. Біздегі жұмыстардың бәріне ортақ кемшілік - бұл мәселенің тар көлемде қойылуында. Зерттеушілердін назары ең алдымен Абайдын Крыловтан, Пушкин мен Лермонтовтан аударған аудармаларына ауды: Абайдың Белинскийге, Герценге, Чернышевскийге, Некрасовка, Салтыков-Щедринге қатынас жайындағы мәселе күиі бүгінге дейін қаралған да емес.
Бұлардың үстіне, Абайдың орыс әдебиетіне катынасы жайындағы мәселе Абайдын бүкіл орыс мәдениеті мен философиясына, эстетикасы мен публицистикасына қатынасы жайындағы мәселеден бөлек қаралып жүр.
Бірсыпыра еңбектерде Абайдың орыс мәдениетіне келген жолы туралы мәселе оның достарымен тікелей байланыс жасауы шеңберінда ғана айтылады, мұның өзінде, әлгі дос дегендері - 80-90-жылдардың халықшылдары дәріптеледі де, олардың Абайға еткен әсері асыра бағаланады.
Ақыр аяғында, Абай творчествосының орыс әдебиетіне қатынасы, әдетте, идеялық жағынан анықталады да, Абайдың орыс әдебиетімен байланыс жасауы арқасында туған жаңа көркемдік форма мен жанр мәселесі ауызға да алынбай қалады.
Біздің алдымызда қандай міндеттер тұр?
Методологиялық маңызды міндеттік, біріншісі - Абайдың орыс әдебиетіне қатынасы жайындағы мәселе даму үстінде зерттелуі керек. Абай жиырма жыл бойы орыс әдебиетінің таңдаулы дәстүрлерін творчестволық жолмен қабылдап отырды. Бұл дәстүрді игеруде оның өз жолы бар. Татьяна мен Онегин туралы назира жасаудан, Пушкин мен Лермонтовтан аударудан Абай Некра¬сов пен Салтыков-Щедринді зерттеп үйренуге келді. Біз осынау жолдың кезеңдерін, бірінен-бірінің сапалык ерек-шелігін, араларындағы байланыс-жалғастарын анықтауға міндеттіміз, біз мұның бәрін әр дәуірдің сипатын белгілеген саяси оқиғалармен, соның ішінде орыс және қазақ халықтарының қарым-қатынасымен тығыз байланыстырып зерттеуіміз керек.
Абайдың орыс әдебиетіне қатынасы, оның творчествосынан айқын көрінеді, әдебиетті қоғамдық сапаның өзге түрлерінен бөліп алмай, орыстың демократияшыл озат мәдениетінен Абай алған бүкіл байлықты сырдаң тартқызбай, бұл катынасты барлық шын, объективті байланыстармен зерттеу қажет.
Абай творчествосының шығыска қатынасы жайындағы проблемамен де тереңірек, сын көзімен қараңқырай шұғылдану керек, мүның өзі - өте аз зерттелген мәселелердің бірі. Бұрынғы зерттеулерде Абайдың иран әдебиетімен байланысы деп айтып жүргеніміз, шынында, тәжік, өзбек, азербайжан классиктерімен байланысы, былайша айтқанда, бүкіл совет елі таныған жазушылармен - Советтік Шьтғыс әдебиетінің қарт классиктерімен байланысы еді.
Абайдың Науаиға, Низамиға, Фзулиге катынасын және оның Қожа-Ахмет Яссауидің «Хикматы» сияқты мистикалық әдебиетке қатынасын қадағалай отырып айыру қажет. Алғашқылары Абайды өздерінің биік шеберлігімен, гуманистік ойларымен, шінара, эстетикалык көзқарастарымен тартты: Шортанбай, Мұрат, Әбу-бәкір сияқты, өзінен бұрын болған немесе өзімен тұстас кертартпа, консервативтік ақындардай емес, Абай бүкіл жердегі өмірді, оның ішінде қоғамдық өмірді қайта құру жолындағы күресті жоққа шығарған суфизмге мейлінше қарсы.
<!--pagebreak--><!--pagebreak-->
Абайдың Шығысқа қатынасы ақын творчествосының әр кезеңінде әрқилы болғанын есте ұстау қажет. Егер жас кезінде (1860-1865) жай еліктеуден бастаса, есейіп ержеткен шағында (1886-1904) Науаи мен Низамиға сырттай еліктемей, олардың дәстүрлерін творчестволық жолмен, сын көзімен қабылдады. Бұл ретте «Ескендір» поэмасында Низамидағы Қызыр пайғамбардың орнына Аристотель образын енгізгені, Ескендірді қандықол бас-қыншы етіп көрсеткенін айтсақ та жеткілікті.
Бұрын араб аңыздарының шартты түрде ғана белгіленген геройлары болған Тариэль, Нестан, Дареджан, Автандилдің образдарында өзінің көзқарасын және өз кезіндегі грузин қоғамының этикалық нормаларын білдірген Шота Руставели сияқты, Абай да Шығыс классикасының сюжеттері мен образдарын пайдалана отырып, белгілі дәрежеде, Масғұт образы арқылы сол түстағы әрі өзі ортақ болған ойлар мен толғауларды бейнеледі.
Онан соң Абайдын Шығыс классиктеріне қатынасын зерттегенде, бұл байланыстың ұтымды жақтары мен қатар (форманы жетілдіру мүмкіншілігі, Абайға тән адамгершілік қасиеттің кеңірек ашылуы) классикалық Шығыс әдебиетінің: орта ғасырлық жағдайлардың әдеби стильді тежеуі, діни сарындар, фантастикалық сенуден шыққан құр қиял, бірқатар көркемдік форманың енжарлығы сияқты теріс жақтарын да естен шығармау керек.
Абайдың ислам дініне қатынасын зерттегенде, бір жағынан, оның көзқарасы мен творчествосында феодалдық идеологиялық қалдықтары бар екендігін ескерсек, екінші жағынан, Абай жақтаған шаруалардың идеологиясында діни ескі ұғымға сенушілік бар екенін де ұмытпау керек. Абайдың көзқарасындағы діни элементтер, сөз жоқ, оның творчествосының әлсіз жағы болды, өйткені Абайдың 90-жылдардағы, осы ғасырдың бас кезіндегі революцияшыл жұмысшы қозғалысымен бай¬ланысы болмады, ол діни элементтер ақын, ойшыл Абайдың негізгі бағытына қайшы келді.
Біздің зерттеулерімізде Абайды төңіректеген ақындар творчествосының әлеуметтік сипаты ұзақ уақыт бойы даралап ашылмай келді...
Абай мұрасы зерттеушілердің алдында тұрған маңызды тақырып - қазақтың демократиялық әдебиетінің бұдан былайғы дамуындағы Абай дәстүрін тексеру. Бұл саладағы басты міндет - XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократияшыл ақындары Дөнентаевтың, Торайғыровтың Абай дәстүрін қалай жалғастырып әкеткенін анықтау, әсіресе бұл ақындардың орыс мәдениеті мен әдебиетіне көзқарастарындағы сабақтас жайларды анықтау болып табылады. Жаңа тарихи жағдайда, ең бір ұлы революцияны дайындау дәуірінде олардың Абай нәр алған орыстың революцияшыл демократтарының озат идеясын, орыс классиктерінің реализмін қандай дәрежеде қабылдап, онан әрі қалай дамытқанын айқындау қажет. Олар Абай ізімен жүргенде өз дәуірінің озат идеяларымен қаншалықты рухтана білгенін, сол дәуірді толық көрсету үшін қандайлық жаңа әдеби формалар тапқанын ашу керек.
Ақырында, қазақ совет әдебиетіндегі Абай дәстүрлерінің проблемасын жан-жақты көтерудің, қазақ совет әдебиетінің таңдаулы шығармалары негізделіп жазылған социалистік реализм әдісі мен Абай реализмі арасындағы ішкі байланысты анықтаудың терең мәні бар. Абайдан біздің ақындарымыз бен жазушыларымыз қабылдаған демократиялық элементтерді айқындаумен бірге Абайдың көркемдік формаларына, оның ақындық тіліне қазақ совет әдебиетінің қандай қатынасы бар екендігіне айрықша назар аудару керек.
Абайдыц шығармаларындағы саяси-әлеуметтік идеялар соларды туғызған экономикалық базиспен бірге құрыды. Бірақ Абайдың сол шығармалары мен көркем образдары онда суреттелген дәуірмен бірге өліп қалған жоқ. Олардың әсер етушілік қуаты - өз тұсындағы халық өмірін Абайдың мейлінше кемелденген көркем формада бейнелеуінде. Абайдың нақтылы саяси-әлеуметтік, этикалық, эстетикалық идеяларын совет жазушыларының творчествосынан іздеп жатудың қажеті жоқ, бұл жеміссіз жұмыс. Бірақ совет жазушылары социалистік
қоғамның талап-тілектеріне жауап бере отырып, Абайға тән дәстүрді - отанды, өнер-білімді сүю, өктемділікті жеккөру дәстүрін дамытады. Социалистік рухани мәдениеттің негізінде Абайдын. таңдаулы мұраттары гүлдене түсті, қазіргі дәуірге ылайық ой-сезімге айналды.
Қорыта келе айтарымыз, Абайдың өмірі мен творчествосын зерттеу проблемасы неғұрлым кең, принципиалды, жан-жақты талқыланса, оның мұрасын зерттеу нәтижелері солғұрлым жемісті, елеулі бола бермек.
Поэзияда, музыкада қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздін ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр. Ол казақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің тандаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.
Абай ез халқының және Таяу Шығыстың қоғамдық ойының Октябрьге дейінгі тарихындағы ең прогресшіл қозғалысты басқарды. Қазақ халқының тұңғыш ағартушы қайраткерлерінің бірі болған ол қазақ қоғамының орыстың озық мәдениетіне жақындасуына бөгет жасаған кедергілерді дәйекті түрде күйретіп отырды, сөйтіп, кертартпалық құрылысқа қарсы сәулелі болашақ үшін ортақ күресте орыс және қазақ халықтарының қосылуына жәрдемін тигізді. Абай есімі бізге сондықтан да қымбат. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Одақтың барлық халықтарымен туысқандық ынтымағын өзінің күресімен, жедісімен нығайта түскен. Отанымызды қорғаған қазақ, жауынгерлері мен офицерлерінің арасында ақын елеңінің дәл бүгінгідей, соны үнмен естілгені де осыдан. Барлық рухани қазыналарды жауынгерлік сынға салған жылдардан өз Отанының таңдаулы ұл-қыздарымен бірге өтіп, Абай біздің социалистік бақытты бүгінгімізге бұрынғыдан да жақын, бұрынғыдан да қымбат бола түсті.
Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтын классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы - Абайдың мәңгі өшпес данқының ең аскақ айғағы міне осында.
Соңы
ҚАЗҰУ-нің жанындағы Абай институты