Моңғолиядан келген қандасымызға Мемлекеттік сыйлық берілді
Мемлекет басшысының Қаулысымен Моңғолиядан көшіп келген Сұраған Дурвудхан Мемлекеттік сыйлық иегері атанды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Сұраған Дурвудхан БҒМ ҒК «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас директорының орынбасары, жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет істейді.
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға берілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сұраған Дурвудхан Қазақстанға 2005 жылы, 17 жасында келген. Ол Азия елдерінен алғаш рет халықаралық The Ferran Sunyeri Balaguer Prize марапатын алған жас ғалым.
2013 жылы жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған (Қазақстанда) Қонаев атындағы сыйлықпен марапатталды.
Abai.kz