Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2565 0 пікір 9 Ақпан, 2012 сағат 05:01

Жәди Шәкен. «Нұр Отан» тазаруы керек!

Сайлау додасы қызып тұрған шақта «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төңірегіндегі өсектер өрттей қаулады.

- «Нұр Отан» басқа партиялардың  бәрін көмескіде өзіне қосып алып, көрнеуде демократияны жарнамалаған болады!
-  «Нұр Отан» барлық оқу орындары мен жұмысшы-әскерлер топтасқан өңірлердің бәріндегі сайлаушыларды өз партиясына дауыс беруге көндіріп жатыр!
- «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин «Нұр Отанның» ұсынысын қабылдамағаны үшін партиясынан айрылып қана қоймай шетелге қашуға мәжбүр болыпты!

Қайсысы шын, қайсысы өтірік осындай өсек-аяң өршіп тұрған кезде азда болса істің анық-қанығын білмек ниетпен біраз кісілерге жолығуымызға да тура келді.
Өзін Астана қаласының орталығындағы мәлім мектептің оқытушысы деп таныстырған жас жігіт мектеп директорының тапсырмасымен әр бір мұғалімнің «Нұр Отанға» дауыс беріп, үш бюллетень тастағанын айтты.
Ал сайлау комиссиясын қадағалаушылардың арасында болғандар сайлау күні кешкі үзіліске таяғанда учаскідегі «нұротаншыл» белсенділердің аса қарбаластыққа түскенін байқап, біреуін ұстай алғанда қойнынан он бес  бюллетеннің сау етіп түскенін аңыс етті. Өкініштісі сол - әлгіні  комиссиядағыларға сүйреп апарған  екен, ондағы жауапты қызметкер ұстап алушыны кінәлап: «Қойнына өздерің салып жіберіп, жала жауып тұрсыңдар!» - деген көрінеді.

Осындай оқиғаларды көзіңмен көріп, ет құлағыңмен естігесін манағы өсектерді ой сарабыңа салып ұзақ толғанады екенсің.
Алдаған кім, алданған кім?
Енді есіңе Елбасының өткен жылдың 22 желтоқсанында Жаңаөзенде болғанда: «Мені мыналар алдап келіпті!» деп біраз шенеунікті орынтағынан айырғаны оралады. «Рас-ау, Алланы алдаған, Елбасын алдаған сұмдардың арамызда сонша көп болғаны ма?» деген үрей бойыңды билейді. Айналаңа, билік тізгінін ұстаушыларға күдікпен қарайсың. «Елбасын бұлайша алдаған алаяқтар халықты қақпақылша қағып ойнап жүрген жоқ па?» деп «Нұр Отан» төңірегіндегі өсектерге қайта қайырыласың.  
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ел ішіндегі атақ-абыройы мен бет-беделі онсызда төмен емес еді. Партиялар ара бәсекелерде де басымдылық танытқанын баршамыз білеміз. Олай болса партияның сайлау додасындағы жеңісінен гөрі оның асыра сілтеушілік қасиетін дәлелдегісі келген әлдекімдер партия тонын жамылып, оның абыройын айрандай төгіп жүрген жоқ па деген күнәлі ойға кеткеніңді аңғармай өзіңнен өзің қорқасың. Егер дәл осылай болатын болса, халықтың аталған партияға сенімі кетумен бірге Елбасының бет-беделіне де кір келеді. Билік пен халықтың арасы күн сайын алшақтап, ел тұрақсыздығы қалыптасады.
Кешегі Кеңестік дәуірдегі, бүгінгі Қытай еліндегі мемлекеттің тіректі күші болған коммунистік партияның оң және теріс бағыттарын еске алғанда оларда әр кезеңдерде өз ішінен опасыздар тауып, айыптылардың лайықты жазасын беріп отырған. Сол арқылы партия бір жағы өміршеңдігін сақтаса, екінші жақтан халықтың мүддесін қорғап, өз сенімділіктерін де бекемдеп келген. Ендеше, ел тірегі, жердің болашақ қорғанышы болатын «Нұр Отанның» тазалығы - мемлекет қауіпсіздігі мен болашағымыз үшін жай қарауға болмайтын аса маңызды мәселе екені айдан анық. Елбасының партия төрағасы болған лауазымын пайдаланып, шын мәнінде халыққа ойына келгенін істеп жүрген опасыздар сөз басындағы өсектерге мұрындық болуы әбден мүмкін ғой.
«Нұр Отан» партиясы халықтың көкейіне қонақтаған көлеңке ойларды тазартқысы келсе, әрине, өз қосынының тазалығын басты орынға қойғаны дұрыс болар еді. 
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588