Сенбі, 23 Қараша 2024
3388 0 пікір 8 Желтоқсан, 2020 сағат 14:22

Қазақстандықтар 31 желтоқсанда демалмайды

Қазақстанда 31 желтоқсан жұмыс күні. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Министрлік «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, мереке күндері қазақстандықтар жұмыс істемейтінін атап өтті.

«31 желтоқсан Қазақстанда мереке күніне жатпайды. Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес Үкімет жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында мереке күндерін басқа жұмыс күніне ауыстыруға құқы бар.

Үкіметтің 2019 жылғы 1 қарашадағы «2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес жұмыс күні болып саналатын 31 желтоқсан демалыс күніне ауыстырылған жоқ»,- делінген хабарламада.

Қазақстандықтар биыл Жаңа жылда 1-4 қаңтар аралығында демалады.

2021 жылдың 1-2 қаңтары ресми демалыс күндері болып саналады. Себебі, 2 қаңтар сенбі болғандықтан демалыс төртінші күнге, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасында - 1, 2, 3 қаңтар аралығында демалады.

Сонымен қатар, 7 қаңтар да мерекелік демалыс болып саналады. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383