Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2274 0 пікір 9 Ақпан, 2012 сағат 09:11

Нұра Матай. «Ал, сен маңдайды айтасың...»

«Сарапшылар» биылғы жолдауда елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілген деп жатыр. Мүмкін. Бірақ, неге екені белгісіз, біздің үйдің шыға берісінде пісте, темекі, ойыншық сататын апаның «жұмысы» ауысқан жоқ. Жеті-сегіз жылдың жүзі болды. Жағдайы да сол қалпы.
Сонда да қоймайды: «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 200 мыңнан астам адам  жұмыспен қамтылмақ. Бұл бағдарламаны іске асыру үшін биылғы жылы бюджеттен 50,6 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр» дейді.
Енді Жаңаөзендіктерді жұмыспен жарылқамақ екен:  «Халықты жұмыспен қамту бағдарламасының шағын қалалар тұрғындарының көшіп-қонуы туралы тармағына сай жаңаөзендіктерді өтініштер бойынша облыстан тысқары жерлерге көшіруді ұсынамын», дейді алқынып, Гүлшара ханым. Ханымды жұмсады. Ол жұмсалып отыр. Шара жоқ. Министр деген зор қызмет. Орнынан түсіп қалса, елге не бетімен қарайды?!
«Жаңаөзендіктерді өтініштер бойынша облыстан тысқары жерлерге көшіру» дегенді Гүлшара Әбдіхалықова ойлап тауып, үкіметке ұсынып отырған жоқ. Бұл -  ішкі саясатқа жауапты, соны жасап отырып, картасын шатастырып алып, енді не істерін білмей далбасалап жүрген жанның әрекеті.

Министр ұсыныс жасады. Ал, «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орыбасары Сейфулла Шайынғазы мырза атышулы мақала жазды. Мақала авторы былай дейді: ««Алыста жүрген ағайындарымыздың мен ана облысқа бармаймын, мына облысқа ғана барамын деп мұрын шүйіруін, квотадағы жеңілдіктерді пайдаланып елге келіп алып, ізінше кері кетіп қалуларын тек осы айтылғандармен ғана түсіндіруге болады».
Бұған президент кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаев пен Тимур Құлыбаевтың Жаңаөзен оқиғасына оралмандарды кінәлі деп тапқан әйгілі сөздерін қосыңыз.
Осымен, бірнеше айға созылған сөздің түйіні шығып тұр. Жаңаөзендіктерді (елді ата қонысынан, сол өңірдегі шетелден атажұртына түпкілікті қоныс аударған ағайындарды) «өтініштері» (әкімшілік қысым жасап, күштеп деп сөздің астарын бірден түсініп оқысаңыз, жүйкеңізге артық салмақ түспейді) бойынша, жұмыспен қамту үшін өзге өңірлерге көшіреді. Сөйтіп, оқиғаның басты «кінәлілерін» елдің әр түкпіріне шашып жібереді. Сонымен, Жаңаөзенде бәрі шешіледі. «Енді қайтіп ол жерде ешкім бас көтермейді» деп есеп береді.  «Уһ, бітті-ау». Ол сенеді. "Алдады" деп алдағы уақытта айта жатар, оны қойшы, үмітті айтсаңшы...
Міне, біздің елдегі ішкі саясаттың сиқы. Не деген «сұңғыла саясат» дейсің де.
«Сұңғыла саясаттың» арқасында елі іші екі жарылды. «Оралман» - тарихи отанына көшіп келген қазақтардың, Қазақстан азаматтығын алғанға дейінгі аралықтағы заңды статусы екенін ақыры, ешкім құлағына да ілген жоқ. Сөйтіп, былықтан бас арашалау үшін бұқараны бір-біріне айдап салып, екіге бөле салды.  Бұл - тағдыр емес. «Ал, сен маңдайды айтасың...»
Р.S.
Таза былғарымен қапталған, өзге түгіл, иесінің мысын басатын шалқақтаған орындыққа кездейсоқ отырып қалған менің бір досым, әлгі орындықты айналдырып жіберіп: «Дүние, өтеріңде шыр айналдың» депті. Шынымен де, дүние өтерінде шыр айналатын шығар ә?
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592