Сенбі, 23 Қараша 2024
2718 1 пікір 9 Желтоқсан, 2020 сағат 14:36

Кәсіби спорт клубтарына жыл сайын 55,5 млрд теңге бөлінеді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырып, спорт клубтарына бөлінетін қаржы көлемі туралы айтты.

«Елімізде жалпы 98 кәсіби спорт клубы бар. Олар жергілікті атқарушы органдар есебінен қаржыландырады. Кейбіреуі демеушілерден ақша алады, яғни, ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпкерлер ақша бөледі. Анализ жасап, кәсіби спорт клубтарын ұстауға кететін қаражат деңгейін төмендетуде ұсынып отырмыз. Ойнайтын да, ойнамайтын да клубтар бірыңғай тарифтік сеткаға көшсін деп отырмыз. Сонымен қатар, спортшылар мен жаттықтырушылардың, клубта жұмыс істейтін өзге де қызметкерлердің жалақысы бойынша бірыңғай тариф бекітуді ұсындық. Қазір 98 кәсіби спорт клубтарын қаржыландыруға жыл сайын 55,5 млрд теңге қаражат кетеді», - деді сұраққа жауап бере бастаған Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша, жыл сайын спортты дамытуға 160 млрд теңге бөлінеді. Соның ішінде кәсіби спорт клубтарына 55,5 млрд теңге қарастырылған.

«Жергілікті атқарушы органдардан 55,5 млрд теңге, қосымша «Астана» спорт клубына «Самұрық-Қазынадан» қосымша 27 млрд теңге бөлінеді. Біз Үкіметке осы қаражатты екі есеге азайтып, қысқарған 22,5 млрд теңгені бұқаралық спортты дамытуға жұмсайық деген ұсыныспен шықтық. Ұсынысты Үкіметке енгіздік», - деді Райымқұлова.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415