Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2668 0 пікір 13 Ақпан, 2012 сағат 05:07

Қажымұқан Ғабдолла. Аузы қисықтың құқайы

Елбасы кезекті мәрте жекіре  сөйледі. Ренжіді, өкпеледі...
Таяуда ғана «Самұрықтың» сауырына саусағы тиген Өмірзақ Шүкеев өзінің ежелгі кәсіби шаруасын мүлтіксіз атқарып, «өтірікті - шындай, шынды - Құдай ұрғандай» қылып құрастырып, өсек-аяңның отын үрлеп, жер астынан жік шығарғанға ұқсайды.   
Мен мұндай қызықты қойылымның санын еске түсіріп, есептемек болдым. Мұнымнан ештеңе шықпады. Жыл сайынғы көрініс. Тоқсан сайынғы - «төбелес». Ай сайынғы - айқай. Жолдау сайынғы - жекіру...
Тағы да, кезекті рет, бәлкім, 55 рет; мүмкін, 77 мәрте Елбасы «Самұрықтардың» самғайтын қанатын шенеуніктердің ұл-қыздары мен құда-жекжаты саңғыған күлімсі иіс былғап, олардың айлықтарының бір миллион теңгеден асып-жығылатынын жыр қылды...
Ел басшысы ұлттық ірі компаниялар мен банктердегі, «Самұрықтың» сансыз құрылымдарындағы таныстық пен туыстықтың тамырына балта шабу қажеттігін тағы да қайталады.
Бірақ, жиырма жалдан бері сол балтамыз табылмай, жоғалған жерінде тот басып, әлгі таныстық пен туыстықтың тамыры жылдан-жылға, айдан-айға, күннен-күнге ұзарып әрі жуандап бара жатқан жоқ па?!.

«Балық - басынан шіриді» демекші, бұрынғы Павлодар облысының әкімі, қазіргі Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев бір кезде (кім біледі, қазір де солай ма) есеп-қисапқа мақұрым, бір кісімен де тәуір тіл табыса алмайтын, өте ортанқол кәсіпкер еді. Сол Бақытжанның қызмет бабымен қалай өскенін білесіз бе? Білмесеңіз айтайық.  Қайын атасы Қаратай Тұрысов марқұмды қарттық жеңіп, төсек тартып жатқанда, Елбасына: «Бақытжанды менің көзімдей көрерсің. Қолыңның жеткен жеріне дейін өсірерсің, сонда менің рухым Өзіңізге риза болар» деген сыңайда өтініш-хат жазыпты.
Сол-ақ екен, Кәсіпкерлер қорын қалт-құлт етіп, әзер басқарып жүрген Бақытжан Сағынтаевтың тасы өрге домалағаны былай тұрсын, тіке аспандағы айға шапшыды. Әншейінде, мемлекеттік қызметкерлердің тиісті сатылардан міндетті түрде өтуге тиістігін көп қайталайтын ел басшысы аудан түгілі, ауыл басқарып көрмеген Сағынтаевты самғатып отырып, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы лауызымынан бұрқ еткізіп, бір-ақ шығарды. Сосын, Керекудің топырағына табаны да тимеген, бұл өлкенің қайда екендігінен де бейхабар жолы болғыш жамбылдық жігіт Павлодар облысының әкімі қызметіне қонжия кетті...
Бұл - тамыр-таныстық емес пе? Бұл - жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тура жеткізетін төте соқпаққа ұқсамай ма?.. Абай айтыпты: «Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап...» деп...
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев - Қазақстанның Даму Банкісінің Басқарушы директоры әрі банк Басқармасының мүшесі.
Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың үлкен ағасы Марат Орынбаев - «ҚазАгро» Ұлттық Басқару холдингі» АҚ-ның Басқарушы директоры.
Президенттің Іс Басқармасының Алматы дирекциясының директоры Сарыбай Қалмырзаевтың баласы Нұрбол Сұлтан - «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың туған ұлы Руслан Жұмағұлов - мемлекетті «сауын сиырдай күрпілдете сауған» «Азиатский Газопровод» ЖШС Бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. Ал, мұндағы Бас директор бұрынғы білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовтың баласы - Бейімбет Шаяхметов. Енді есімі дүрдей Бейімбеттің жұбайы Үміт Шаяхметова - Қазақстанның Халық Банкі басқармасының төрайымы. Көрдіңіз бе, туыстық тамыры қалайша шырмауықтай ширатылады?!

Қазіргі Қаржы полициясының басшысы Рашид Түсіпбековтың балаларының бірі Жанат - күні кешеге дейін «ҚазМұнайГаз-Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-ның Бас директоры болып келді.
Құжынаған шыбындай таласып, қазақтың байлығын талан-таражға салып, ұрлап-жымқыруда келімсектер де бай-шонжар қазақтардан бір елі қалар емес.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың ұлы Олег Дьяченко - «Самұрық-Қазына» ҰҚ-ның Аймақтарды дамыту жөніндегі директоры қызметін атқарды.
«Қазатомпромның» президенті Владимир Школьниктің баласы Игорь Школьник - аталған қордың Атқарушы директорлығы лаузымында болды.
Президенттің Іс Басқарушысының орынбасары Ахмед Местоевтың ұлы Руслан Местоев - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Басқарушы директоры...
Бұл былық тізімнің тамыр-таныстық пен жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың шеті мен шегі жоқ. Биліктің барлық сатылары былыққа белшесінен батқан...
Тіпті, «Самұрықтың» майлы сауырын сипап отырып, тамыр-таныстық туралы ертегі соққан Өмірзақ Шүкеевтің кіші інісі Серік Естай - «ҚазМұнайГаз ҰК» акционерлік қоғамының құрамындағы «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ның Басқарма төрағасының креслосында шалқайып жатыр.
Қазақ шенеуніктері өзінің өзегін жарып шыққан мұрагерлерін түгел, тап-тұйнақ етіп қызмет-лауазымдарға орналастырып бітіп, сосын, құда-құдашаларды, нағашы-жиендерді, керек болса, нақсүйерлері мен тоқалдарын жылы орын, табысты орынтақтарға отырғызуға бел шеше кірісіп кетті...

Ауылдың аңқау қазағы болса: ««Ауызы қисық болса да, бай баласы сөйлесін!» деген, алдымен, қисықтардың қоржыны тола-ақ қойсыншы» - деп, маңқиып отыр.
Әй, қайдам, жиырма жылда қанағат көрмеген «құлқын-қоржынның» толуын ғасырлап күтеміз бе деп қорқамын...
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608