Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2313 0 пікір 13 Ақпан, 2012 сағат 05:09

БАЙҚАУ: «АҚ ЖОЛ» ересектерге мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін жексенбілік мектептер желісін ашуды жоспарлап отыр

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді басым бағыттарының бірі санайды. Осы ретте партия Қазақстанның барлық облыстарында ересектерге мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін жексенбілік мектептер желісін ашуды жоспарлап отыр. Тілді оқыту үш деңгей бойынша жүргізіледі: жаңадан үйренушілер үшін, жалғастырушылар үшін және тереңдетіп оқыту бойынша. Ұйымдастыру жұмыстарына, әдістемелік құралдарға, оқытушылардың жалақысына жұмсалатын қаржыны «АҚ ЖОЛ» партиясы өз мойнына алады.
Жоғарыда аталған курстар жұмысын қамтамасыз ету үшін  Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы Мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге арналған әдістемеліктерге байқау жариялайды. Байқауға мемлекеттік тілді оқыту жөнінде әдістемелер даярлайтын авторлар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, жоғарғы және орта оқу орындары, ғалымдар, оқытушылар, шығармашылық жастар ұйымдары мен қоғамдық ұйымдар қатыса алады.
Біз мемлекеттік тілдің күнделікті өмір пен отандастарымыздың өзара қарым-қатынасында кеңінен қолданылуы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға үлес қосатындығына сенімдіміз.

Байқаудың шарттары мен регламенті

1.    Дайын материалдар баспа және электронды нұсқа түрінде байқауды       
өткізу кезеңінде қабылданады;
2.    Материалдар  байқауға қатысу үшін материалдар ұсынып  отырған  

автордың немесе ұйымның (аты-жөні,/ атауы, мекен-жайы, телефоны)   
мәліметтері көрсетіле отырып ұсынылады;
3.    Жобалар қағаз және электронды түрде қабылданады;
4.    Телевизиялық материалдар DVD дискілерінде қабылданады;
5.    Фотографиялар мен слайдтар А4 форматындағы түрлі-түсті баспада қоса беріледі;     

Материалдар 2012 жылғы 7 ақпаннан бастап 2012 жылғы 7 сәуірге дейін қабылданады және байқаудың арнайы қазылар алқасымен бағаланады.
Жеңімпаздармен олардың әдістемеліктерін «АҚ ЖОЛ» партиясымен ұйымдастырылған қазақ тілін оқытып-үйрететін жексенбілік мектептерде қолдану құқығы үшін келісім-шарттар жасалады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 11, кеңсе 5
Байланыс тел.: 8(7172)517-001; 8(7172)602-683; факс: 8(7172)517-020

E-mail: press-akzhol@mail.ru
8-701 127 05 25 - Баспасөз хатшысы Данияр Наурызбаев

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613