Сенбі, 23 Қараша 2024
3624 0 пікір 14 Желтоқсан, 2020 сағат 11:26

Алматыда Желтоқсан саябағы ашылды

Алматы қаласының Түркісіб ауданында Желтоқсан саябағы ашылды. Бұл туралы Almaty.tv мәлімдеді. 

Қаланың солтүстік бөлігінде ауданы 100 гектардан асатын ең үлкен жаңа саябақ рекреациялық аймақ аэропорт көлінің жағалауын қамтиды. Абаттандыру алаңы — шамамен 23 мың шаршы метр.

Саябақта 13 ойын алаңы бар — 8 балалар және 7 спорт алаңы, оның ішінде воркаут алаңдары, мини-футбол және стритбол ойын алаңдары, сондай-ақ паркур ойын алаңы.

Саябақтың басты ерекшелігі — ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирст. Ол Кіші Алматы өзенінің арнасынан және Әуежай көлінің шығыс жағалауынан өтеді. Пирс Маяк ықшамауданы мен аудан орталығы арасындағы өзіндік көпірге айналды.

2021 жылы саябақты жасау жұмыстары жалғасады. Жаяу серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды, сондай-ақ тоғайдың жасыл қорын қайта құру жоспарлануда.

Желтоқсан саябағының ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімдігінің, зиялы қауым және «Нұр Отан» партиясының өкілдері сөз сөйледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489