Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4434 0 пікір 14 Желтоқсан, 2020 сағат 11:51

Бішкекте гендерлік теңсіздікке қарсы марш өтті

Бішкекте 12 желтоқсанда гендерлік теңсіздікке және сот әділетсіздігіне қарсы марш өтті.

Шара адам құқығын қорғауға бағытталған 16 күндік акция аясында әйелдерге қатысты әділетсіз сот шешімдеріне қоғам назарын бұру мақсатында өткізілді.

Ош қалалық соты күйеуінен қорғану үшін қол көтеріп, өлтіріп алған әйелді 9 жылға еркінен ажыратып, 90 мың сом айыппұл салған. Сонымен бірге сот күйеуінің зорлығына шыдамай, төрт айлық баласымен 4-қабаттан секірген әйелді 11 жылға соттаған. Құқық қорғаушылар сот шешімі гендерлік теңсіздік, әйелдерді кемсіту деп есептейді.

Әйелдер абақтысында жазасын өтеп жатқан 350 әйелдің жүзі "Кісі өлтіру" бабымен сотталған. Бұл жалпы сотталғандардың 25 процентін құрайды. Олардың жарымынан көбі күйеуін не зомбылық көрсеткен басқа адамды абайсызда өлтіріп алған.

2020 жылдың басынан бері Қырғызстанда бірнеше әйел отбасы зомбылығынан қаза тапқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1215
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2747
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 875
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 829