Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2390 0 пікір 14 Ақпан, 2012 сағат 05:30

Еркеғали Бейсенов. Жиылсын қауым, құйылсын көшің!..

Жалпы, Қазақстандағы көші-қон саясатын жүзеге асырумен Әді-лет, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті дегендей мемлекеттік органдар айналысып келген еді. Енді елдегі құрылымдық рефор-маларға орай, 2010 жылдың 17 тамызынан бастап халықтың көші-қонына қатысты функциялардың басым бөлігі Ішкі істер министр-лігінің қарамағына өтті. Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Ішкі істер министрлігі жанынан Көші-қон полициясы комитеті құрылған болатын.

Керуен басы - Моңғолия қазақтары

Комитетке атажұртқа оралған этникалық қандастармен жұмыс мәселесінен бастап, босқындар ісін қарау, құжаттау мен тіркеуге алу секілді бірқатар функциялар жүктелді. Сонымен қатар, өткен жылдың тамыз айынан бастап Елбасының қол қоюымен құзыры кеңейіп, өзіне тағы бір аса жауапты міндет жүктелді. «Халықтың көші-қоны туралы» заң күшіне енгеннен бері жұртшылықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастар реттеліп, үдерістің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері айқындалуда.

Жалпы, Қазақстандағы көші-қон саясатын жүзеге асырумен Әді-лет, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті дегендей мемлекеттік органдар айналысып келген еді. Енді елдегі құрылымдық рефор-маларға орай, 2010 жылдың 17 тамызынан бастап халықтың көші-қонына қатысты функциялардың басым бөлігі Ішкі істер министр-лігінің қарамағына өтті. Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Ішкі істер министрлігі жанынан Көші-қон полициясы комитеті құрылған болатын.

Керуен басы - Моңғолия қазақтары

Комитетке атажұртқа оралған этникалық қандастармен жұмыс мәселесінен бастап, босқындар ісін қарау, құжаттау мен тіркеуге алу секілді бірқатар функциялар жүктелді. Сонымен қатар, өткен жылдың тамыз айынан бастап Елбасының қол қоюымен құзыры кеңейіп, өзіне тағы бір аса жауапты міндет жүктелді. «Халықтың көші-қоны туралы» заң күшіне енгеннен бері жұртшылықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастар реттеліп, үдерістің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері айқындалуда.
Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанға қарай көш керуенін ең алғаш Моңғолия қазақтары бастап берді.  Алғашында «Еңбек шарты» деген атпен 1991-1992 жылдары 40 мыңдай қазақ атажұртқа оралды. Бұлардың арасында шетелдерде жоғары білім алған мықты мамандар, жазушы, ғалым, өнер қайраткерлері жеткілікті. Қазақстан үкіметі сол жылдардағы елдегі күн көрістің қиыншылығына қарамастан, осыншама қазақты көшіріп алуда адам таңқаларлық ерлік қадам жасады. Қазақтардың өздерін елге ұшақтармен жеткізсе, дүние-мүліктерін Ресейдің 2 мың шақырымдай ұзақ әрі күрделі жолдары арқылы жүк көліктерімен тасымалдады. Сол 1991-93 жылдары Алматы, Талдықорған, Семей, Өскемен, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе әкімдері, аудан, ауыл басшылары Моңғолия қазақтарын көшіріп алу ісінде қыруар  әрі қажырлы жұмыстар атқарды. Министрлер Кабинеті қабылдаған №791 «Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезінде әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» қаулысы моңғолиялық ағайындардың атажұртта өмір сүріп кетуіне ұйытқы болды. Осы қаулы бойынша оралмандардың көбі баспанамен қамтамасыз етілді. Тиісті көмектерін алып, зейнетақы және басқадай жеңілдіктерге қол жеткізді. Осы 20 жыл уақыт ішінде Моңғолиядан 100 мыңдай қазақ атажұртына көшіп келіп, қоныс тепкеннен кейін ол ұлы көшті әлемнің басқа елдеріндегі (Қытай, Түркия, Ауғанстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Иран, Түрікменстан, Қырғызстан) қазақтар да жалғастырды. Мәселен, еліміз тәуелсіздік алғалы бері ҚХР-дан 25 мыңға жуық отбасы, яғни 80 мыңдай адам тарихи отанына көшіп келіп, жергілікті халықпен бірдей тұрып жатыр.

Шешімін күткен түйткілдер
Соның бәрін есепке алғанда, 20 жылдың ішінде атажұртқа жалпы 800 мыңнан аса ағайын оралған екен. Бұл жайында Елбасы 2011 жылғы халыққа Жолдауында да айтты. Сонымен қатар, соңғы үш жылда көштің біраз саябырсығаны да байқалады. Елбасының «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығымен әр күнтізбелік жылға 20 мың отбасыға көшіп келу квотасы белгіленген еді. Өткен жылы бұл мақсат 10 мыңға ғана орындалса, алдыңғы жылғы көшіп келушілер саны 15 мың 534 болған екен. Оған этностық қазақтардың өздері шығатын мемлекеттердегі тұрғын үйлерін, мүліктерін сата алмауы, виза рәсімдеудің қиындықтары және бүкіләлемдік қаржы дағдарысы басты себеп болды.
Одан кейін жаңадан «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданды. Дегенмен, бұл салада да тез арада бір жүйеге түсіріп, реттейтін мәселелер аз емес. Бұл ретте этникалық көші-қон жұмыстары тек Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясына ғана емес, Сыртқы істер министрлігі мен оның Консулдық қызмет департаментіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне де тікелей қатысты болып отыр. Неге десеңіз, кейбір елдердің төлқұжаттарында адамның ұлты көрсетілмейді, есімдер сол елдің тілінде жазылады да, қазақша нұсқасында мүлде басқаша болып шығады. Мысалы, төлқұжатында Әбілсейіт-Абылсайт, Қайрат-Хайраат, Жақсылық-Жагслаг, Қуаныш-Хуваниш деп жазылып кеткенін ескеріп, осыны ҚР азаматтығын алған кезде түзетіп, қазақтардың аты-жөндерін дұрыс жазу керек. Әртүрлі себептермен төлқұжаттарында өзге ұлт өкілі болып кеткен қандастарымыз да аз болмай шықты.
Қоғамның жегі құртына айналған жемқорлық та көп жағдайда көштің түзелуіне кедергі болып тұрғаны шындық. Бас Прокуратураның жариялаған мәліметіне сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы көш» бағдарламасына бөлінген 137 миллион теңге әлдекімдердің жеке пайдасына жұмсалған. Маңғыстау облысында осындай 136 миллион теңге қолды болса, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан сияқты бірнеше облыстарда оралмандар үшін салынуы тиіс 700 үйдің қаржысы жалған ақпар жасау арқылы желге ұшқан. Ал Қазақстанға мүлдем келмеген немесе бұрын жәрдемақы алған оралмандарға жалған құжатпен заңсыз қаржы төлеу салдарынан 80 миллион теңге талан-таражға түскен. Ресми есепке алынбағаны қаншама?!.
Көші-қон полициясы комитетінің жанынан 17 адамнан құралған Этникалық көші-қон қоғамдық комиссиясы құрылды. Оның төрағасы болып Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, орынбасары болып белгілі саясаткер Бекболат Тілеухан сайланды.
«Қазақстан үшін ең бір маңызды дүние болатын болса, соның бірі - қандастарымыздың Отанға оралуы. Мына ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талған сайын даланы адамға, соның ішінде осы жұрттың тарихи мұрагері ретінде қазаққа толтырмасақ, Тәуелсіздігімізге де қауіп төніп қалуы ғажап емес. Академик Павлов бір науқасқа: «Егер сен маған көмектессең мен жеңемін, ауруға көмектессең, ауру жеңеді» деген екен. Сол сияқты, келіп жатқан ағайынға көмектесеміз десек, мың тәсілін тауып көмектесуге болады, ал көмектеспейміз десек, миллион тәсілін тауып келтірмеуге болады»,- дейді Бекболат Қанайұлы. Иә, әлемде көші-қон мәселесі аса күрделі, ұзаққа  жалғасатын, шешілуі қиын құбылыс ретінде белгілі. Ал қазақ елінде көші-қон ісі өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап жүзеге асуда. Оған түрлі жағдаймен әлемнің 40-тай елінде 5 миллиондай қазақтың бар екендігі және оларға арнап «Қайт, қазақ, Отаныңа!» деген белгілі ақын-жазушылар мен ғалымдардың жазған үндеуі, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ баспасөзі арқылы жариялаған «Алыстағы ағайынға ақ тілек» атты әйгілі хаты себеп болған еді.
Қазір де «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Моңғолияның әр түкпірінен Қазақстанға қоныс аударсақ деген отбасылардың қатары көп. Бұл Көші-қон полициясы тарапынан арнайы адамдар жіберіп, зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы малшыларды, ал Шығыс Қазақстан облысы өнер, мәдениет адамдарын алуға ықылас танытып отыр. Бұл көші-қон мәселесінде ескерілетін жайт. Сол «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде 2009-2010 жылдары Моңғолиядан барлығы 1 мың 317 отбасы (6 мың 271 адам) Қазақстанға қоныс аударған. Олар Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Алматы мен Астана қалаларына көшіп келді.

Мигранттар қылмысы саябырсыды
Көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында, заңсыз миграция арналарын жоюға қатысты республикалық және өңірлік деңгейде бірқатар рейдтік жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп келеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде, өткен жылдың басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін 139 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 14-і заңсыз миграцияны ұйымдастырғаны үшін болса, 58-і елден аластауға қатысты шешімнің орындалмауымен байланысты орын алып отыр. Бұдан бөлек, осы кезең ішінде әкімшілік жауапкершілікке 117,1 мың адам елде болу тәртібін бұзғандығы үшін тартылса, 12 мың адам Қазақстаннан шығарылған.
Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатнамасыз пайдаланған 1 мың 766 жұмыс беруші жауапқа тартылған. Сөйтіп, шетелдік жұртшылықтың елімізге келуіне қатысты қатаң бақылау шараларын жүргізу арқасында елдегі ахуал оңалып келеді. Соның бір мысалы: орын алған қылмыстардың жалпы құрылымында шетелдіктердің қолымен жасалған «үлес» 1,5 пайызды құраған. Оның ішінде негізгі бөлігі ұрлыққа қатысты болса, одан кейінгі орында есірткінің заңсыз айналымы тұр. Осының өзі соңғы үш жылда шетелдіктердің қылмыс жасау көрсеткішінің 16,5 пайызға дейін азайғанын көрсетеді. Ал сол жылдың сегіз айында 2010 жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда, шетел азаматтары жасаған қылмыс 31,7 пайызға төмендеген. Басым бөлігін Өзбекстан, Қырғыз, Ресей елінен келгендер жасаған екен.
Қазір көші-қон мәселелерін реттейтін тиісті халықаралық-құқықтық база қалыптасты. Халықаралық құқық пен көпжақты қатынастар негізінде заңсыз миграцияның, барлық дәрежедегі қоныстанушыларға қатысты зорлықтың алдын алу мен болдырмау бойынша тиісті шаралар қолға алынып, адам саудасына қарсы күрес жүргізілуде.

Жаңа міндеттер жүзеге асуда
Бүгінде Ішкі істер министрлігі Дүниежүзі қазақтары қауымдас-тығымен бірлесіп, жоғарыда аталғандай жіберілген кемшіліктер мен болашақта жасалатын игі істерді атқаруға дайын. Заң талабына сәйкес, оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін міндетті болып табылатын өздерінің төлем қабілет-тілігін растауды қажет етпейді. Көшіп келетін ағайындардың Қазақстанға тұрақты тұруларына, оралман мәртебесін алуларына, көшіп келу квотасына енулеріне және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу-ларына ешқандай кедергі жоқ. Көші-қон полициясы азаматтардың мекен-жайлық тіркеуі туралы мәліметтерді тексергеннен кейін оларды жаңа үлгідегі куәліктердің чиптерінде жаңартады. Тіркеу туралы мәлімет сәйкес келмеген жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Егер кей азаматтарда жаңа үлгідегі куәлік болса, көші-қон полициясының қызметкерлері оның чипіндегі мәліметтерді жаңартып береді. Бұл ақпаратты ХҚКО-лар, мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер пайдаланады. Мәліметтердің актуалдылығы мемлекеттік қызмет көрсету үшін ғана емес, сайлаушылардың тізімдерін жасауда, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық жоспарлау кезінде де өте маңызды.
P.S.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Көші-қон полициясы комитетінің төрағасы болып тағайындалған Патрис Нокин ТМД, Еуроазиялық экономикалық қауымдастық, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты интеграциялық құрылымдар аясында еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау, олар үшін қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау мақсатында қолға алынып жатқан шаралардың көптігін де алға тартты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608