Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3325 0 пікір 14 Желтоқсан, 2020 сағат 17:29

ҚХП кандидаттары дәрігерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктер жайлы айтты

2020 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10:00-де Көкшетау қаласында Сабатаев көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Онда Қазақстан Халық партиясы бағдарламасының тезистері түсіндірілді. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктеріне басымдық берілген ҚХП-ның сайлауалды жобасы таныстырылды.

Спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Ойратұлы Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Тұрғынұлы Сыздықов қатысты.

Кездесуде аурухананы техникалық жабдықтау, медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесі, қызметкерлердің жалақысы, біліктілік талаптары, дәрігерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді арттыру мәселелері көтерілді. Спикерлер шара барысында ұжым өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. ҚХП отандық медицина деңгейін, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және осы салада жұмыс істейтін қызметкерлердің мәртебесін өсіру үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдап, қолдануға ниетті. Медицина қызметкерлері ҚХП-ның сайлауалды жобасын қызығушылықпен тыңдап, жарияланған бастамаларға қолдау білдірді.

Кездесу Қазақстан Халық партиясының үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды. ҚХП-ның сайлау алдындағы жұмысы еліміздің барлық өңірінде жалғасуда және ол сайлаушыларды, еңбек ұжымдары кеңінен қамтымақ. ​

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489