Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4089 4 пікір 18 Желтоқсан, 2020 сағат 09:58

CAS: Ресейліктер Олимпиадаға орыс туымен қатыса алмайды

Спорт төрелік соты (CAS) Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) Ресейді халықаралық жарыстардан екі жылға шеттету туралы шешімін қолдады.

Соттың хабарлауынша, Ресейдің допингпен күрес агенттігі Дүниежүзілік антидопинг агенттігі кодексінің ережелерін орындамаған. Атап айтқанда, бұрынғы Мәскеу антидопинг зертханасының сараптама мәліметтерін және материалдардың түпнұсқаларын өткізбеген.

Ресей спортшылары 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін халықаралық жарыстарда Ресей туымен қатыса алмайды. WADA санкциялары Токиода 2021 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына, 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына, сонымен бірге 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына жүреді.

Бұған қоса, Ресей үкіметінің өкілдеріне екі жыл көлемінде Олимпиада ойындарына, әлем чемпионаттарына аккредитация берілмейді.

Ресей WADA-ға 2019 жылғы қаңтардан бері жұмсаған шығынын (1,27 млн доллар) төлеуі тиіс.

Сот шешіміне Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан ресейлік спортшылардың допинг сынамаларын алмастыру төңірегіндегі дау себеп болды. Ресей билігі айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1358
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2937
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1010
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 950