Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
3065 0 пікір 24 Желтоқсан, 2020 сағат 11:08

Трамп АҚШ-тың қорғаныс бюджетінің жобасына вето қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің 2021 жылға арналған 740 миллиард долларлық қорғаныс бюджеті туралы заң жобасына вето қойды.

Трамп бұл шешімін жобада ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды шаралар қаралмағанын, Американы ішкі және сыртқы саясатта маңызды ету талабына қарсы келетінімен түсіндірді. "Бұл – Қытай мен Ресейге сыйлық жасағанмен тең" деді ол.

Трамптың сөзінше, интернет платформаларды қолданушылардың жариялаған контенті үшін қарастырылған заңдық жауапкершіліктен босатуды қарастыратын бөлім алынып тасталуы керек.

1960 жылдан бері АҚШ-тың қорғаныс бюджеті жыл сайын қабылданып келді, оған мемлекет басшысы ешқашан вето қойған емес.

2021 жылға жоспарланған бюджетте Ресейдің "Солтүстік ағын-2" және "Түрік ағыны" секілді жобаларына қарсы сакнцияларды қатайту қарастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1021
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2562
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677