Сенбі, 23 Қараша 2024
2235 0 пікір 24 Желтоқсан, 2020 сағат 11:22

Курсант өлімінен кейін ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды

Курсант өлімінен кейін Алматыдағы ішкі істер министрлігі академиясының басшысы қызметінен кетті. Ішкі істер министрлігі 23 желтоқсанда академия басшысы "өзіне сеніп тапсырылған бөлімнің жұмысын қажетті дәрежеде бақылай алмады" деп мәлімдеді.

Оқу орны басшысы Өмірбай Смаиловпен қатар академияның тағы алты қызметкері жұмыстан босатылған. Арасында тәрбие-идеология жөніндегі орынбасар да бар.

Академияның үшінші курсында оқыған 19 жастағы Саламат Өтегеновтің дарға асылған денесі 13 желтоқсанда оқу орнының асханасынан табылған. Марқұмның туыстарының сөзіне сүйенген "Уральская неделя" басылымының жазуынша, Өтегенов ата-анасынан "сессия тапсыру үшін", "қарыз өтеу үшін" жиі ақша сұраған және бұл жайлы ешкімге тіс жармауын өтінген. Өлерінің алдында бір күн бұрын курсант ағасынан 300 мың теңге аударуды өтініп, әйтпесе "аяғы мен қолынан айырылатынын" айтқан. Мессенжерде жазған соңғы хабарламасында Өтегенов туыстарына белдіктің суретін жіберіп "мен кеттім" деп хабарлама жіберген. Кейінірек дарға асылған денесі табылған.

Курсанттың анасы аймақтық басылымға оқу орны мемлекетке қараса да, ата-аналар балаларына форманы өздері сатып әперіп, қажетті заттармен қамтамасыз етеді деген. Ұлының стипендия алатын банк карточкасы да өзгелердің қолында болған.

Оқиғаға байланысты "суицидке итермелеу" бабы (Қылмыстық кодекстің 105-бап, 1-бөлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Академия басшылығы ақша жинау туралы ақпаратқа түсініктеме бермеген.

Ішкі істер министрлігі 23 желтоқсанда Өтегеновтің өлімінен кейін академияға тексеріс жүргізілгенін, оқу орнының 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385