Қазақстандық кондитер өнімдерін өндірушілер украиналық бәсекелестерін Қазақстан нарығында демпинг жасады деп айыптады
Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Кондитер өнімдерін өндіруші украиналық компаниялар Қазақстан нарығындағы өз үлесін арттыру мақсатында өнімдерін демпинг баға бойынша сатып жатыр, деп хабарлады «ҚазТАГ» агенттігіне «Қарағанды конфеттері» АҚ жарнама бөлімінің бастығы Елена Пак.
«Қарағандыда осыдан төрт ай бұрын украиналық карамельдің көтерме бағасы небәрі 138 теңге болды. Ал ол жақта (Украинада) бөлшек саудада - 180 теңге. Көлік және сақтандыру шығындарын, ең бірінші кезекте табысты ескерсек, мұндай саңлау қайдан шықты? Әйтседе олар мұнда өнімдерін өзіндік құнынан да арзан бағаға сатып жатыр», - деді ол Астанада отандық өндірушілер өнімдерінің ұлттық көрмесінде.
Е.Пактың пікірінше, украиналық өндірушілер төмен баға есебінен Қазақстан нарығындағы өз үлесін арттыра отырып, қазіргі уақытта өз өнімдерінің бағасын бірте-бірте қымбаттатып келеді. «Қазір олар бағаларын бізбен бірдей деңгейде ұстап тұрған шығар, бірақ нарықтағы өз үлесіне ие болып алды», - деп түсіндірді ол.
Кондитерлік фабрика өкілінің пікірінше, бұл - бәсекелестерді ығыстырып, нарықтағы үлесін арттыру мақсатымен жүргізіліп отырған украиналық өндірушілердің қазақстандық нарықтағы мақсатты саясаты. Осыған орай Е.Пак Қазақстан отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау бағытында шаралар қабылдауға тиіс деп есептейді.