Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4232 8 пікір 2 Қаңтар, 2021 сағат 14:53

Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

1-қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған 2021 жылдың алғашқы күнінде бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады.

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясына қарамастан екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Былтыр өзара сауда көлемі 2,6 миллиард долларды құраған. Мемлекет басшысы сауда-саттықты арттыруға және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға күш салуды ұсынды. Түркия Президенті мұндай ұсынысты қабыл алып, соның нәтижесінде бірлесе отырып сауда көлемін үш есеге ұлғайтуға болатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары Түркияның халықаралық аренада ықпалы артқанын, оған Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтатуға қатысқаны да куә болатынын атап өтті. Режеп Тайып Ердоған көп жылдық қақтығысқа Түркияның араласуына қатысты берілген бағаға ризашылығын білдірді.

Түркия Президенті короновирус пандемиясына қарсы екі елдің іс-қимылын жоғары бағалап, Қазақстан басшылығының батыл әрекетінің арқасында мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынғанын жеткізді.

Режеп Тайып Ердоған биыл қаңтардың 10-ы күн өтетін Парламент сайлауына сәттілік тілеп, дауыс беру барысын Түркияның өкілдері бақылайтынын айтты.

Әңгімелесу соңында тараптар осы жылы Түркия Президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282