Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6421 0 пікір 22 Ақпан, 2012 сағат 12:39

Дүзен Түйтеұлы. Мәжит Бегалин - 90 жылдық

Биылғы жылы 90 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин - қазақ  өнеріндегі ұлы тұлғалардың бірі. Ол ұлттық киноның дамуына сүбелі үлес қосты. Кешегі алыптар шоғырында Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаевтармен бірге классикалық дүниелер жасап, ұрпақ игілігіне қалдырды. Мәжекең Шоқан Уәлиханов, Мәншүк Мәмбетова, Бауыржан Момышұлы туралы көркем туындылар жасады. Ал, «Тұлпардың ізі» фильміне мал баққан қарапайым шаруа отбасының өмірін арқау етті. Режиссер ең алдымен адам жанының тылсым сырларына үңілді десек,  жаңылыспаймыз.

Аса  көрнекті  режиссер Мажит Сапарғалиұлы Бегалин  1950-жылдан 1978 жылға дейін "Қазақфильм" киностудиясында режиссер болды. Өз замандастары туралы "Бұл шұғылада болған еді" (1955), "Жерге қайта  оралу" (1959), "Тұлпардың ізі" (1964) атты көркем фильмдерін түсірді. Жоғарыда айтып өткендей, Ш.Уәлиханов туралы "Оның күні туады" (1957) картинасын түсірді, Б.Момышұлы жайындағы "Ел басына күн туса" фильмі сценарийінің авторы әрі қоюшы режиссері болды.

Мәжит - басқа режиссерлерге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән қолтаңбасы бар шеберлік иесі. Бұл ерекшелік оның түсірген барлық кинофильмдеріне тән еді. Ол ұсақ-түйек, жеңіл-желпі туындыларды түсіре салудан аулақ болды. Алдына үнемі зор міндет қойып, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарға барды. Ол туған елі мен Отаны үшін от кешкен қаһарлы күндерде қайыспаған қаһармандарды асқақтықпен жырлап, биік өнерге қол созған ардагер азамат еді.

Оның шығармашылығы өз дәуірінде-ақ жоғары бағаланып, түрлі марапаттармен аталып өтілді. 1968 ж. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының Бас жүлдесі мен 1- дәрежелі дипломын алды. М.Мәметова туралы "Мәншүктің әні" фильмі (1969 жылы түсірілген)  1970 жылы Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгеде  КСРО Қорғаныс минстрлігінің Бас жүлдесін иеленді. Ол «Еңбек Қызыл Ту», "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. ҚазКСР-ның  еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды. А.Довженко атындағы жүлдені иеленді.

Мәжит Бегалин кинорежиссерлігімен қатар, білікті ұйымдастырушы ретінде де көзге түсті. Ол КСРО кинематографистер Одағы басқармасының мүшелігіне сайланды.  Қазақстан Кинематографистер Одағын құру жолында зор еңбек сіңірді.

Біздің азаматтық парызымыз Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Шәкен Айманов сынды киноөнер майталмандарын  тағы да еске алып, олардың қазақ  мәдениетіне,  қазақ өнеріне, ел дамуына қосқан үлесін айшықтау. Ең бастысы, бүгінгі ұрпаққа сол буын өкілдерінің  ерекшелігін, таланты мен танымын  паш ету. Атап өтсек, былтырғы жылы қазақ киносының құлагері  - Абдолла Қарсақбаевтың 85 жылдығы «Қазақфильмнің» қолдауымен  кеңінен тойланып өтті.  Абдолла ағамыз туралы деректі фильм де көп ұзамай, экранға шығып қалады.

Міне, бүгін Мәжит Сапарғалиұлы Бегалиннің 90 жылдығына орай «Суреткер» («Жаным байыз таппағанда», - «Когда душа не может молчать») атты деректі фильмінің тұсаукесерін өткіздік.

Естеріңізде болса, 1981 жылы Мәжит Бегалин туралы деректі фильм түсірілген болатын.

Ал, мына «Суреткер» деректі фильмі - ұлы тұлғамыздың ашылмаған, айтылмаған қырларын аша түсетін жаңа дүние.
Жалпы, «Қазақфильм» 2011 жылы  Қазақстанның мәдениет және ғылым қайраткерлері туралы 43 деректі фильм түсірді. Аталмыш деректі фильмде қазақ киносының үш алыбының бірі - Мәжит Бегалиннің өмірі, кинодағы қызметі, дүниеге әкелген фильмдерінің тарихы баяндалады. Онда режиссердің кезінде шығаруына тыйым салынған, ұзақ уақыт бойы сөреде жатып қалған "Отқа оранған Орал" фильмінің тағдыры қамтылған.

Сонымен қатар, қазір Мәжит Бегалиннің ата-баба жолы, туған жері, өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертетін «Мәжит Бегалин» атты 2008 жылы жарық көрген  - естелік кітап толықтырылып, дайындалып жатыр.

Киностудия Мәжит Бегалин мерейтойын сәуір айында тойлағалы отыр.

Алдағы уақытта, «Қазақфильм» киностудиясының Шәкен Айманов (2014 жылы - 100 жасқа толады), Сұлтан Қожықов (2013 жылы - 90 жасқа толады) туралы фильмдер жасамақ ниеті бар.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566