Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3925 0 пікір 23 Ақпан, 2012 сағат 05:40

«Азалы кітаптың» тұсаукесеріне БАҚ өкілдері шақырылады

БАРЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ШАҚЫРЫЛАДЫ!

Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы Кеңестер Одағындағы жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны басталуының 75 жылдығына орай және КСРО Жоғарғы соты Әскери алқасы көшпелі сессияның үкімімен Алматыда «халық жауларын» топтап ату басталған (1938 жылғы 25 ақпан) күн қарсаңында «Азалы кітап» тізбегінің Жаңалықтағы қорымына арналған шығарылымының тұсаукесерін өткізеді.

«Әділет» тарихи-ағарту қоғамы 1989 жылдан бері сталинизм қылмыстарын әшкерелеумен шұғылдануда. Сталинизм дәуірлеген жылдары сан мың жан жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Тек Қазақстанда «Үлкен террор» жылдары 120 мыңдай адам «халық жаулары» ретінде сотталып, оның 25 мыңдайы атылды. Ең көп мөлшердегі ату жазасы сол кезгі республика астанасында жүзеге асырылды. 1937-1946 жж. атылған 4219 адам «Жаңалық» мемориалды ескерткіш тұрған маңдағы қорымға көмілген. «Азалы кітаптың» 9-шы шығарылымы сол жазықсыз құрбандардың адал есімдерін жаңғыртады.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне ҚР ҰҚК мұрағатының, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының, Алматы қаласы мұражайының, Алматыдағы мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, репрессия құрбандарының ұрпақтары, жинақты құрастырушылар мен баспагерлер қатысады.

Тұсаукесер үстіміздегі жылғы 24 ақпан күні  сағат 11-00-де

ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты залында өтеді.

Мекен-жайы: Алматы, Абай даңғ., 39 (К.Байсейітова көш. қиылысы).

«Әділет» ҚазТАҚ  Басқармасы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543