Бейсенбі, 29 Қазан 2026
Қарбалас 168 0 пікір 29 Қазан, 2026 сағат 14:05

Израильдегі жеңімпазы жоқ сайлау және араб партиялары

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Израильде 120 орындық Кнессетке (бірпалаталы парламент) кезекті сайлаудың дауыс беру нәтижелері қорытындылануда.

Бастапқы мәліметтерге сәйкес, қазіргі премьер-министр Беньямин Нетаньяху бастаған оңшыл коалиция үкімет құруға қажетті басымдықты жинай алмай отыр. Ал араб партиялары өз тарихындағы рекордық нәтижені көрсетіп, елдегі саяси таразының басын аударатын негізгі күшке айналды.

Times of Israel хабарлауынша, бұл сайлау қорытындысы Израиль саяси жүйесіндегі ұзаққа созылған «Нетаньяху эрасының» дағдарысын және ішкі саяси тығырықтың тереңдей түскенін айқын білдіреді.

Бюллетеньдердің 85%-ы өңделгеннен кейінгі күштердің орналасуы мынадай:

Нетаньяху коалициясы (оңшылдар): Биліктегі консервативті «Ликуд» партиясы мен оның одақтастары 120 орындық Кнессетте 53 мандатқа ие болып отыр. Мемлекетті басқару және үкімет жасақтау үшін кемінде 61 мандат қажет екенін ескерсек, бұл Нетаньяху үшін жеңіліс.

Оппозициялық блок (солшылдар): Генерал Гади Айзенкот бастаған жаңа «Яшар» партиясының төңірегіне топтасқан солшыл оппозиция 48 мандат жинады.

Араб партияларының тарихи (РААМ - Біріккен тізім) блогы бірлесіп 19 мандатқа қол жеткізді.

Бұл — Израильдегі араб азшылығы өкілдерінің парламенттегі ең жоғары тарихи көрсеткіші.

Айьа кететіні - 2021 жылы РААМ партиясы Нафтали Беннет пен Яир Лапидтің коалициясына кіріп, саяси прецедент жасаған болатын. Дегенмен, ол коалиция ішкі қайшылықтарға шыдай алмай, 2022 жылы тарап кетті.

Енді қызығын қараңыз: Оппозиция көшбасшысы Гади Айзенкот сайлау алдында Израильді «еврей мемлекеті» ретінде және ХАМАС-ты «террористік ұйым» деп мойындамайтын партиялармен одақ құрмайтынын мәлімдеген. Ал араб партиялары жаңағы Айзенкот айтқан критерийлерге толық сәйкес келмейді.

Енді қайтпек керек? Араб партиялары да Нетаньяхуға қарсы. Егер Нетаньяху кететін болса, олар оңшыл үкіметке сырттай қолдау білдіру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал ашық қолдайын десе, Нетаньяхудің билікте болғанын қаламайды.

Жалпы Нетаньяху үшін 61 мандатты жинау мүмкіндігі шектеулі, ал оппозиция араб партияларының қолдауынсыз үкімет құра алмайды. Егер тараптар коалициялық келісімге келе алмаса, Израиль тағы да кезектен тыс сайлауға мәжбүр болады. Бұл елдегі саяси дағдарысты одан әрі тереңдетіп, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайына да тікелей әсер етеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1265
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1780