Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2895 1 пікір 5 Қаңтар, 2021 сағат 13:15

Трамп пен штат хатшысының телефон әңгімелері жарияланды

АҚШ президенті Дональд Трамп таяуда телефон әңгімесінде Джорджия штатының билігінен президент сайлауының қорытындысын қайта қарап, өзіне жетпей қалған "дауыстарды табуын" талап еткен деп хабарлайды америкалық БАҚ.

Журналистердің қолына Трамп пен Джорджия штатының мемлекеттік хатшысы Брэд Раффенспергермен телефон әңгімесі түскен.

"Мен тек 11 780 дауысты табуды сұраймын... себебі осы штатта біз жеңіске жеттік", – деген Трамптың сөздеріне "Интерфакс" сілтеме келтіреді.

Трамп осыған дейін Джорджия және өзге де штаттарда "көп бюллетеньдер тасталғаннан кейін" жеңіліс таптық деп мәлімдеген.

"Джорджия тұрғындары және елдің бәрі сайлау нәтижесіне разы емес. Егер дауысты қайта санадық деп айтсаңдар, онда тұрған ештеңе жоқ", - деген телефон әңгімесінде АҚШ президенті.

Америкалық БАҚ президент ресми жоғары лауазымды тұлғаларға қысым көрсетуге тырысып жатыр деп есептейді. Джорджия штатында билікте республикашылдар отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676