Сенбі, 23 Қараша 2024
2494 4 пікір 5 Қаңтар, 2021 сағат 16:10

Ресей мен Қазақстан көбірек мұнай өндіруді ұсынды

Ресей мен Қазақстан ОПЕК+ жиынында ұйым мүшелерін мұнай өндіру көлемін арттыруға көндіруге тырысты. Коронавирустың жаңа штамы тараған шақта ұйымның өзге мүшелері халықаралық нарықта энергияға қажетті дәрежеде сұраныс туындай қояр ма екен деп алаңдайды.

ОПЕК және құрамында Ресей мен өзге мұнай өндіруші елдер бар ОПЕК+ тобы осыған дейін қаңтар айында күніне 500 мың баррельге артық мұнай өндіруге келіскен. 4 қаңтар күнгі жиын кезінде Ресей мен Қазақстан сол мөлшерді тағы арттыруға үндеді. Ал Иран, Нигерия және Біріккен Араб Әмірліктері өндіріс көлемін тұрақты ұстап тұруды қолдады.

Сауд Арабия энергия министрі ханзада Абдуләзіз бин Салман коронавирустың жаңа штамы тарап жатқан кезде ОПЕК+ тобы мәселеге мұқият қарауы керек деді.

Сауд Арабиясы іс жүзінде ОПЕК жетекшісі саналады. Наурыз айында Сауд Арабия осы мәселе бойынша Ресеймен келісімге келе алмай, ақыры мұнай бағасы соңғы он жылда болмаған деңгейде құлдыраған. Мәскеу мен Эр-Рияд арасында бірнеше аптаға созылған "текетірестен" кейін ОПЕК+ өндірушілері сәуір айының ортасында мұнай көлемін 9,7 млн баррельге дейін азайтуға келісті. Бұл ғаламдық мұнай өндірісінің оннан біріне пара-пар.

ОПЕК+ елдері содан бері шикізат өндіру көлемін бірнеше рет арттырды, мұнай барелі 50 долларға дейін жақындады. Қазір ОПЕК+ елдері күніне 7,2 млн баррель мұнай өндіреді. Бұл дағдарысқа дейінгі кезеңнен әлдеқайда аз.

4 қаңтарда келісімге келе алмаған ОПЕК+ мүшелері келіссөзді 5 қаңтарда жалғастыратын болып шешкен.

Мұнай нарығын зерттейтін Rystad Energy компаниясының басшысы Бьжорнар Тонхауген мұнай көлемі артса, мамыр айына дейін "қара алтын" құны тағы құлдырауы мүмкін деп болжайды. Оның ойынша бұл жолы ОПЕК+ мүшелері арасында келіссөз ұзаққа жалғасуы мүмкін.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341