Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3694 3 пікір 6 Қаңтар, 2021 сағат 13:27

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева бостандыққа шықты

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты.

Жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені туралы хабарланды.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімі бойынша, 2020 жылы 6 қаңтарда қыздың өтініші қанағаттандырылды. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді бақылау пробация қызметіне жүктелген.

Айта кетейік, Толыбаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін 2019 жылы қаңтарда 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол жылы 6 наурызда Алматы колониясында жазасын өтеп жатқан Жанар Толыбаева екінші баласын дүниеге әкелген болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 922