Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4448 1 пікір 27 Ақпан, 2012 сағат 04:27

Жұмамұрат Шәмші. Жезөкшелер жайлап барады

Осыдан 20 жыл бұрын мектеп қабырғасында, 9 сыныпта оқып жүрген кезім еді, сыныптасым Ақан  Ізтелеуов маған Бразилияның атақты жазушысы Пауло Коэльоның «Алхимик» пен «Вероника решает умереть» деген екі кітабын сыйға беріп тұрып: «35 миллион таралыммен шығып Гиннестің рекорттар кітабына енген, 56 тілге аударылған, оқып шықсаң қызыққа батасың» деген еді.  Ақан берген екі кітапты да оқып шықтым, екіншісінде «Вероника» деген қыздың қым-қиғаш тағдыры баяндалады.  Верониканың аянышты тағдыры адамның тұла бойын түршіктіреді екен. Алайда, «бұл оқиға мұхиттың арғы жағында - бізге алыс Бразилия еліндегі  оқиға ғой» деп сол кезде өзімді-өзім жұбатқан  едім, енді міне, арада 20 жыл өтер өтпесте  Қазақстанның қай қаласында болмасын вероникалар қаптап кетті.

Демограф ақсақалымыз Мақаш Тәтімов жезөкшелікті заңдастыру керек дейді. Бірақ, бұл мәселеге демографиялық тұрғыдан қарар болсақ, жезөкшеліктің жайылуы халықтың өсіміне зиянын тигізуде. Өйткені, жезөкшелікті кәсіп ететін қыз-келіншектеріміз тұрмысқа шықпайды және өмірге бала әкелмейді. Оның үстіне олар түрлі ауруларды тасымалдаушылар болып табылады.

«Жезөкшелік пен сыбайлас жемқорлық бір анадан туғандай егіз», «Ең ежелгі кәсіпті ешкім жеңбеген және жеңе алмайды» деген сияқты алыпқашпа сөздер де ел арасында қазір бедел алып барады. Жезөкшелік Батыс елдерін XX-ғасырда әбден мезі еткен соң,  заңды түрде легализация жасалып, мысалы, Францияның астанасы Парижде «публичный дом» «секс-шоп» деген жаңа атпен жұмыс жасауға кірісті. Тіпті, Голландия мен Амстердамда 2000 жылдан бастап, көпшілік жиналған жерлерде, аз мөлшерде алкоголь мен наркотикті тұтынуға рұқсат етілді. Жынысын өзгертіп отау құрып жатқан жандар қаншама. Бірақ, оларға бала асырап алуға рұқсат жоқ. Кейбір еуропалықтардың бала туып, оны асырау - ойына да кіріп  шықпайды.

Ал, жезөкшелікке қарсы күрес біздің елде жалғасын тауып жатыр. Бірақ, заң қызметкерлері қанша жерден жол жиегіндегі түнгі көбелектерді ұстап, жеңгетайлардың қолын қайырып түрмеге жапса да «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалуда. Бүгін бір притон жабылса, ертесінде екі-үш жерде  ашылады. Осыдан кейін күресіп көріңіз.

Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір Алматы қаласында 10 мыңға жуық жезөкше тіркелген. Алайда бұл нақты цифр емес. Әр күн сайын Алматыда 2000-ға жуық жезөкше көшеге шығады екен. Ол аз десеңіз, 200-ге жуық притон мен 150-ге тарта (сауна) хауызда қыздар ақшаға сатылады. 18 ақпан күні полиция қызметкерлері рейд ұйымдастырды, соның нәтижесінде қаладағы барлық көңіл көтеру, демалыс орындары тексеріліп, қыздарды құлдықта ұстап, тәнін сататын сутенерлерді тұтқындап, астыртын жұмыс істеп жатқан притондарды ашты. «Stop трафик» барысында 150 қыз ұсталып,  кәмелет жасқа толмаған қыздарды сату фактілері бойынша 10 қылмыстық іс, притон ұстау фактісі бойыша 5 қылмыстық іс қозғалды, ұсталған қыздардың 99%-ы  жұқпалы ауру тарататындар екендігі анықталды. Ауруды олар ең әуелі еркектерге жұқтырады емес пе?

Қысқасы бізде жеңіл жүрісті қыздардың саны азаяр емес. Олардың жасырын жолмен жұмыс істеуге көшкені құпияның бояуын қалыңдата түсуде. Көше торыған бикештер бір күнде қонақүйлер мен сауналарға қоныс аударды. Сонымен қатар «түнгі көбелектердің» көбірек шоғырланатын жері - түнгі клубтар және шетелдіктер, қалталы азаматтар бас сұғатын мейрамханалар. Сондай-ақ ірі ойын-сауық нысандарында (әсіресе, жұма-сенбі күндері) жүретін қыздарды бірнеше топқа бөлуге болады. Олардың ең арзаны - көше жезөкшелері. Арзан жезөкшелердің бір сағаты 2-3 мың теңге, қонақүйлер мен түнгі клубтардарға баратындардың бағасы 4-6 мың теңге, газеттерге хабарландыру беріп «жұмыс істейтіндердің»  «құны» 100-200 доллардан жоғары.

Арам пиғылға немесе жаман әрекетке барған жанның әңгімесі, әрине, жағымды әсер қалдыра қоймас. Десек те бұл біздің қоғамның көлеңкелі жағы. Күнгей бар жерде көлеңке де болады. Бір мезгіл көлеңкелі тұсымызды зерделеп қойғанымыздың артықтығы бола қоймас.

Таяуда бәйбішеммен Астана вокзалынан Алматыдан поездбен келетін балдызды күтіп алуға шыққанбыз. Қасымызда көзі сықсыйған қазақтың қызы мен танауы жалпыйған қазақтың жігіті сүйісіп, қоштасып тұрды. Сонда қыз жігітке «Если что, я тебя моекну, ты перезвонишь, хорошо?» деді. Онысымен қоймай, «Мен тебя Love» деп қояды. Міне, үш тұғырлы тіл саясатының жемісі! Бір сөйлемде үш тілді қосақтатып сөйлеу мода болған.

... Содан жолда «Дәулет» супермаркетіне азық-түлік алуға бәйбішем сіңілісімен кіріп кетті. Көшеде жалғыз тұрған едім, бағанағы жігітін шығарып салған қыз қасыма келіп: «Аға, дем аласыз ба?» дейді. «Түнімен дем алғанмын, қалқам» десем. Ол: «Менімен болсаңыз өкінбейсіз. Ертең іздеп келетін боласыз», - деееп тұр. «Сағаты 3-4 мың теңге, онша қымбат емес, жүріңіз,  атым - Гуля», - деп қояды және. Сөйтсем, мен жезөкшелердің мекеніне айналған жерде тұр екенмін.

«Қарап тұрған жігітке қыз асылар» деп осы заманды айтса керек бабаларымыз. Кімді кінәлаймыз? Күнәдан аяқ басып жүре алмайтын мына қоғамда қараусыз қалып бара жатқан қыз-келіншектерге егелік етуге еркі жетпейтін еркек кіндіктіні ме, әлде кімді?.. Кімге ренішімді айтарымды білмедім.

Иман қой, ақыл - қойшы , нәпсі - бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Мылтықты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле шайтан - пері -  деп жырлапты  Шал ақын.

«Ақыл - қойшы» айбарлы болса, оны «нәпсі - бөрі» оңай ала қоймасы анық қой. Сіз не дейсіз, замандас?

«Абай-ақпарат»

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555