«Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды»...
Өткен сенбіде болған митингіден жұрт құлағдар. Полиция бұл жолы да «тиянақты» дайындалыпты. Абай ескерткішінің алдынан бастап, Республика сарайының айналасын түгел қоршапты. Әр темір шарбақтың қасында бір полицей.
Сөйтіп, Абай ескерткіші қоршауда қалды.
Митинг. Ығы-жығы адам. «Қытайдан келген туыстарымды қыдыртып жүр едім», деген сөзді құлағым шалды. Жалт қарасам: үстіне сары тон, басына суыр тымақты кептей киген қазақ, бурадай жарап, көзі қарауытып, сүзеген бұқадай кімге соқтығарын білмей жүрген бір полицейге әлденені түсіндіріп жатыр. Жақындап тың тыңдадым. «Туыстар Абайдың ескерткішін көріп, жанына суретке түспекші болып келіп едік. Абайды қоршап, сақшы қойып тастапты. Ар жаққа қалай өтсек?» Полицей сол баяғы қалпы. Өзгермеген. Қабағы қатулы. Жүзі суық. Жүрісі суыт. Көзі тіміскіленіп тұр. Кез келген адамның бетіне төніп келіп, ақырып, дікеңдеп, нұсқау бере сөйлейді. Сол әдетімен: «Абайға жақындауға, жанына баруға болмайды!», деді.
Сары тон киген қазақ, салы суға кеткендей, у да, шу болып жатқан үркердей топ пен полицияның тайталасына шошына қарап тұрған туыстарына қарай аяңдады. Ашынғаннан ащы даусы шығып жатқан арттағы жұртқа жалтақтап қарап қояды.

Қоршауда - Абай. Сыртта - жүздеген құқық қорғаушы құқын таптап қана қоймай, қаумалай қоршап, жан-жақтан ата жауын көргендей анталап, жолай бөлініп қалғандарды ит жұлған терідей әр жаққа бірден, екіден әкетіп жатқан - Алаш жұрты.
Алаңдарда басталып, автобустарда тұншығып жатқан Алаштың жан даусын әуелі Алла, сосын Абай ғана естіп тұр. Өзгелері - «Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды»...
«Абай-ақпарат»