Мәжілістің су жаңа депутаттары кімдер?
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтарда өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының соңғы есептеулерін жариялады.
Ол бойынша:
«Nur Otan» - 71,09%,
«Ақ жол» - 10,95%,
«ҚХП» (бұрынғы компартия) - 9,10% дауыс алып, Мәжіліске өткен.
Мәжілісте 107 орын болса, жоғарыдағы ОСК есептеулеріне сәйкес, «Nur Otan» 76, «Ақ жол» 12, «ҚХП» 10 мандатқа ие болған. Тағы 9 орын Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне беріледі. Айта кетейік, Ассамблея өз депутаттарын 11 қаңтарда сайлаған. Сонымен, Парламентке (Мәжіліске) кімдер барады?
«Ақ жолдың» 12 депутаты
Бүгін «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы өтіпті. Онда Мәжілістің жетінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінген.
Қараңыз:
1. Азат Перуашев,
2. Азамат Әбілдаев,
3. Ерлан Барлыбаев,
4. Берік Дүйсембинов,
5. Серік Ерубаев,
6. Дания Еспаева,
7. Айгүл Жұмабаева,
8. Қазыбек Иса,
9. Андрей Линник,
10. Ерлік Өмірғали,
11. Мақсат Раманқұлов,
12. Азат Сембинов.
11 қаңтар күні Қазақстан халқы Ассамбеясы да өз ішінде сайлау өткізіп, 9 депутатты таңдады. Олар кімдер?
Ассамлеяның 9 депутаты
Қараңыз:
1. Сауытбек Әбдірахманов,
2. Аветик Амирханян,
3. Ильяс Буларов,
4. Наталья Дементьева,
5. Юрий Ли,
6. Вакиль Набиев,
7. Шамиль Осин,
8. Владимир Тохтасунов,
9. Абилфас Хамедов.
Дәл сайлаудың алдында ат ауыстырған Қазақстан халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия) 10 адамнан тұратын тізімдерін жариялапты.
Қараңыз:
1. Айқын Қоңыров,
2. Жамбыл Ахметбеков,
3. Ирина Смирнова,
4. Айбек Паяев,
5. Сергей Решетников,
6. Файзулла Каменов,
7. Ғазиз Құлахметов,
8. Ерлан Смайлов,
9. Александр Милютин,
10. Айжан Скакова.
Abai.kz