Әбсаттар Қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти: Жер шары – күллі адамзатқа ортақ үй
Бүгінгі жаһандану дәуірі әлем мемлекеттерінің арасын тек экономикалық, саяси, әскери тұрғыда жақындастырып қоймай, діндік тұрғыда да бірлікке, ынтымаққа, өзара бейбіт өмір сүруге шақырып отырғаны мәлім. Кім-кімге де белгілі, адамзат тарихындағы қаншама дау-жанжалдар мен соғыстарға дінмен өркениеттің әркелкілігі себепші болған. Бүгінгі күні де жаһанның әр жер, әр жерінде бірі өшіп, бірі тұтанып жатқан үлкенді-кішілі қақтығыстар мен қантөгістер астарынан да осы діни ала-құлалықтың қолтаңбасы байқалады.
Жер шары – күллі адамзатқа ортақ үй. Оны сақтау – бәріміздің алдымызда тұрған аса күрделі мәселе. Бүгінгі алмағайып та қым-қуыт дүниеде бейбітшілік пен ынтымақтың күшейіп, дамуы үшін, әсіресе діндераралық үнқатысу мен төзімділіктің мән-маңызы зор. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен үш жылда бір өткізіліп тұратын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде діни алауыздықты болдырмау, адамзатты бір-біріне өшіктірмей, үнқатысу мен прогреске шақыру, дінді қару етуге болмайтындығы, адамзатқа қайғы-қасірет әкеліп отырған соғыстарды қарудың күшімен емес, сыйластық пен түсіністікке негізделген келісімдермен ғана шешуге болатындығы жөнінде айтылып келетіні жайдан-жай емес.

Қазіргі уақытта еліміздегі діни фактор айтарлықтай алуан түрлі құрылым және ол өзінің жиынтығында адамға, оның дүниетанымдық құндылығына, өнегелілік бағыт-бағдарына мінез-құлық ерекшелігіне, оның жан-дүниесіне ықпал етуге қабілетті рухани күшке айналғаны күмәнсіз.
Сондықтан Н.Назарбаев басты құндылық деп тек этносаралық келісімді сақтау және бекіту ғана емес, сонымен қатар барлық діни толеранттылықты, конфессияаралық үнқатысу келісімді сақтау мен нығайту деп санайды. Қазақстанда рухани келісім Еуразия құрлығындағы екі үлкен этностың – түркі тілді және славяндардың діні болып табылатын екі әлемдік дін – ислам мен христианның арасында басым болуы тиіс. Міне, сондықтан да Қазақстандағы "ислам-христиан" арқылы қазақстандықтардың толеранттығы қалыптасады және сақталады. Келісім тек уақытша ғана нәрсе емес: ол жаһандану жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының базасында және жақсылықты, ізгілікті, сенімді, ашықтықты, алыс-жақындарға деген құрметтеушілікті, лайықты мінез-құлықты және игі істердегі адамдардың қатысуын өсіруді парыз санайтын ислам мен христиандықтың маңызды өсиеттері мен ғибраттары негізінде жүзеге аса алады. Континенталдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің факторы, конфессияаралық үнқатысудың ізгілікті негіздері осындай.
Қазақстанның бірнеше конфессиялылығын еліміздің бірлігін нығайту мен сақтау үшін қалай пайдалануға болады? Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бұл сұраққа жауап бере келіп, тарихи және қазіргі тәжірибе көрсеткеніндей, бұл егер әртүрлі конфессиялардың үнқатысу жүйесі қалыптасса ғана мүмкін болады деп санайды.
Қазіргі жағдайларда болуға тиіс және қажетті діндердің, мәдениет пен өркениеттердің үнқатысу кеңістігін қалыптастыру – шиеленісті әлемнің әлеуметтік және мәдени реттелуінің маңызды нысандарының бірі.
Үнқатысу ынтымақтастықпен бірлесіп өмір сүрудің нысаны ретінде зорлық-зомбылыққа, үстемшілдікке, басымдыққа, монополияға қатысты нақты балама. Көпқырлы, әр алуан пікірдегі адамзат қауымдастығын қалыптастыруға деген объективті тарихи ағым әлемді орталықсыздандырылған және келісім орныққанын қаламайтын күштердің тарапынан қарсылыққа кездесуде. Олар өзінің ұстанымы мен саяси еркін басқа халықтарға және елдерге таңғысы келеді. Бұл – шын мәнінде, болмашы келісімді жалған еркіндік пен квази демократияны ішкі келісім мен демократиялық бостандықтардың болмашы қолдауын көрсететін тарихи ескірген тәжірибе. Шын мәніндегі келісімге қол жеткізудің жолдарын, мүмкіндіктерін жариялай білетін діндердің, мәдениеттер мен өркениеттердің үнқатысуы әлгіндей саясатқа тосқауыл бола алады. Н.Ә.Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші съезінде: «Біртұтас діни кеңістік құруға болмайды. Қазіргі айырмашылықтарды ақырына дейін еңсеруге болмайды, оның үстіне олар ұлы діндердің негізіне қатысты болып отыр. Алайда тұрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, базбір «алтын ортаны» іздеудің мәні мен процесінің өзі сақталады» деген болатын.
Иә, діндераралық үнқатысу – барлық діндерді біріктіріп, қолдан бір дін жасау емес. Жер шарындағы барша әлемдік діндер насихаттап отырған гуманизм идеалары мен ортақ құндылықтары арқылы ұлты мен діні, ділі мен мәдениеті бөлек жер бетіндегі күллі адамзатты бейбіт ғұмыр кешуге шақыру.
«Айқын» газеті 1 шілде 2009 жыл