Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3178 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 07:05

Әлихан Бөкейхан – Алаштың аяулысы

Бүгін - Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейханның туған күні.

Мұқым Алаш баласына аса аяулы Әлекеңнің қазаққа еткен қызметі, қалыптастырған саяси-рухани мектебі, салған сара жолы жаңғырып, жайнап, сайрап жатыр. Ұлт басына төнген немешеме қатерлі қауіп, тамырымызбен қопарып кете жаздаған дауылдардың өзі Әлиханның жолын жоя алмады. Өйткені, Алаштың жолына - Алла жар!

Дүние есігін ашқанына 146 жыл толған Әлекеңнің мұрасы зерттеліп, зерделеніп жатыр. Сан ұрпақтың санасына сіңіріп, жарты жанына айналдыруда да тырнақалды шаруалардың басы шалынды. Әлекеңнің басты мұраты қазақтың мемлекеттік азаттығы еді. Тәуба! Отанымыз дербес. Толық мазмұндағы ұлттық азаттықтың да ауылы адым жерде тұр.

Біртұтас, мызғымас Алаш идеясы - Әлихан Бөкейхан арман еткен, бізде іштей тілейтін күн туар, салтанат құрар. Сол кезде Әлекең бейнесі бүгінгі танымымыздан да жоғарлап, өрлеп, өзі тіккен Алаштың ақ боз үйінің шаңырағынан түскен күндей болып жарқырар. Жарқырап келеді.

Әне, Алаштың таңы атып келеді.

Жасасын, Алаш, жасасын!

«Абай-ақпарат»

Abai.kz ақпараттық порталы тағайындаған, бес жылда бір рет берілетін Әлихан Бөкейхан атындағы қоғамдық тәуелсіз сыйлықтың алғашқы марапаттау салтанаты кезінде кеш шымылдығын ашқан - журналист Болат Мүрсәлім әрі сценарийін жазып әрі түсірген «Алаштың 12 желтоқсаны» деректі фильмін Әлихан Бөкейханның туған күні құрметіне қайтара ұсынып отырмыз.

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333