Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
7340 8 пікір 15 Қаңтар, 2021 сағат 17:30

Маминді кімдер қолдамады?

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы болып Асқар Мамин бекітілді. Жиында оның кандидатурасын  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған.

Ал, кеше экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысы лауазымына Мамин лайық деген еді.

«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Назарбаев.

Алайда бүгін Маминнің кандидатурасын Мәжіліс депутаттарының барлығы қолдаған жоқ. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан халық партиясы фракциясының 21 депутаты Маминге дауыс беру кезінде қалыс қалған. Сөйтіп, оған 99 депутаттың 78-і дауыс берген.

Ал, ҚХП ның төрағасы Айқын Қоңыров Президент Тоқаевқа билік өкілдері жұмысына салғырт қарайтынын айтыпты.

«Қазақстан халық партиясының фракциясы сіздің министрлер кабинетін сақтау туралы шешіміңізді түсінеді...

Алайда, біз сайлау кезінде сайлаушылармен кездестік. Кездесулерде азаматтар үкімет пен жергілікті атқарушы билік өз жұмысына салғырт қарайтынына шағымданды. Азаматтардың мәселелері олардың жалған есептерінің артында қалады. Министрлер мен кейбір әкімдер халықтан алшақ. Бұл түсініспеушілікке, кейбір жағдайларда азаматтардың қарсылығына, әлеуметтік шиеленістің күшеюіне әкеледі»,- деді Қоңыров. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚХП партиясының депутаты Ирина Смирнова «премьер-министр біздің партиядан тағайындалса» деген үмітін айтып қалған.

«Бір орыннан екінші орынға ауысып жүре беретін адамдардан арылу қажет. Үкіметке кімдер енеді деген сұрақты төтесінен қою керек! Үкіметте ұзақ жылдан бері жүрген адамдарды шынымен жұмыс істегісі келетін жандармен алмастыру керек»,- депті Смирнова.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525