Сенбі, 23 Қараша 2024
5418 3 пікір 16 Қаңтар, 2021 сағат 19:46

Білім саласындағы трансформация

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің тізгінін Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова ұстағалы мұнда жақсы жаңалық көп. Соның бірі - Педагогикалық білім беруді трансформациялау шеңберінде Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында өзгерістерді басқару бойынша «Білім» салалық менеджерлері жобасының серіктесі ретінде таңдалды.

Бұл таңдау университеттің негізінен ауылдық аймақтарға арналған педагогикалық кадрларды даярлайтын классикалық педагогикалық университет екендігіне байланысты (студенттер 90 пайызы Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының ауылдық жерлерінен). Мұнда ең бастысы орта білім саласындағы білікті кадрларға деген сұраныстың тетігі қалыптастырылды. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жариялаған педагогикалық білімнің өзгеруі әртүрлі сайттарда бірнеше рет талқыға салынды. Университет басшылығы мен «Ел үміті» Елбасы жобасы бойынша сала менеджерлері арасында Президент Әкімшілігі, Үкімет, Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесулер өткізілді.

Биыл 20 тамызда Үкімет отырысында салалық менеджерлер мұғалімдердің білімін трансформациялау жобасын ұсынды. Премьер министр жоғарғы оқу орны бастамасын қолдап, салалық министрлікке тиісті тапсырмалар берілді.

Ал, осы жылдың қыркүйегінде Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті басшылығының ұсынған трансформация бастамасын мақұлдады. 7 негізгі трек енгізілген жаңа мазмұндағы инновациялық білім беру бағдарламалары: әмбебап құзіреттер, білім берудегі әлемдік тенденциялар, жаңа педагогика, цифрлық құзыреттілік, коммуникация және жаңа сауаттылық, басқарудың инновациялық құзыреттілігі, фундаменталды оқыту білім беру бағдарламасы тізіміне енгізілді.

Бұл жерде, психология ғылымдарының докторы Виктория Шиманскаяның еңбегін атай отырып, оның әзірлеген “Эмоционалды интеллект” бағдарламасының орны бөлек екенін айтқымыз келеді. Пилоттық жоба аясында бейімделген инновациялық бағдарламалар Педагогика және психология жоғары мектебінің трансформацияланған екі факультетінде, сондай-ақ физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебінде жүзеге асырылуда.

Арайлым Мелдешова

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446