Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2990 0 пікір 9 Наурыз, 2012 сағат 08:24

Қазақстандық мамандардың жаңа командасы ғарыштық технологияны үйрену үшін Францияға аттанады

АСТАНА.  9 наурыз. ҚазАқпарат -  «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының бас офисінде компания басшылығы Францияға еуропалық ірі «EADS» концернінің кәсіпорындарында оқуға аттанатын  мамандардың екінші  тобымен кездесу өтті.

«Қазақстан Ғарыш Сапары»  ҰҚ» АҚ мен француздық «EADS Astrium» компаниясы арасында келісімге екі елдің ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестік  ынтымақтастығы негізінде қол жеткен болатын.

Кездесуді ашқан «Қазақстан Ғарыш Сапары»  ҰҚ» АҚ президенті  Габдуллатиф Мырзақұлов  өз сөзінде компания екі жыл бойы мамандарды іріктеуде қыруар жұмыстар атқарғандығын атап өтті. Мың үміткердің ішінен екі топ жасақталған.

Бірінші топ Тулузға 2011 жылғы қаңтарда жіберілген. Қазіргі уақытта олар Францияда спутниктік жүйені жобалауды оқытудың екі кезеңді бағдарламасын аяқтап, Гилфордта (Англия)  практикалық сабақтарға кірісті.

Ал мамандардың 21 адамнан құралған екінші тобы 2011 жыл бойы арнайы техникалық  тәртіпті және ағылшын тілін білуден іріктеуден өтті.

Мамандар Тулузға Астанадан 11 наурызда аттанатын болады.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1377
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2958
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1024
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 962