Жұма, 22 Қараша 2024
3880 5 пікір 27 Қаңтар, 2021 сағат 17:48

Франция елшісі еліміздегі діни сенім бостандығын оң бағалады

Нұр-Сұлтанда Франциямен діни бірлестіктердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе алмасу сұрақтары талқыланды.

Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығын оң бағалады.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канеспен кездесті.

Кездесу барысында Е.Нүкежанов Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, адамдардың ар-ождан бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және барлық заңды әрекет ететін діни бірлестіктермен сындарлы ынтымақтастық орнату бойынша атқарылған жұмыспен таныстырып өтті.

Бұдан басқа, діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Д.Канес Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы оң динамиканы жоғары бағалады.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276