Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
5008 3 пікір 28 Қаңтар, 2021 сағат 16:32

БҰҰ Бас хатшысы ресейлік вакцина туралы не дейді?

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коронавирусқа қарсы шығарылған ресейлік вакцинаға барынша тез сертификат беретініне сеніп отыр.

Коронавирусқа қарсы шығарылған ресейлік вакцина БҰҰ миссияларында қолданылып, пандемияға қарсы күресте маңызды рөл атқара алады, деп мәлімдеді Гутерриш.

«Біз ресейлік вакцинаны бұл күресте (коронавирус пандемиясымен – ТАСС) өте маңызды рөл атқара алады деп сенеміз. Ол вакциналар өз қызметкерлеріміз үшін де, жергілікті тұрғындар үшін де қолданылуы мүмкін», - деп атап өтті ол.

«БҰҰ үшін жалғыз шарт – біздің тек ДДСҰ бекіткен вакцинаны қолдана алатынымыз. Қазіргі кезде Ресей билігі мен ДДСҰ арасында байланыс орнатылып жатқанын білемін және оның ресейлік вакцинаның барынша тез мойындалып, сертификатталатынына үміттенемін», - деп қосып өтті ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683