Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
5235 2 пікір 29 Қаңтар, 2021 сағат 17:12

Боттичелли салған сурет 92 миллион долларға сатылды

Өркендеу дәуірінде өмір сүрген флоренциялық суретші Сандро Боттичеллидің «Медаль ұстаған жас жігіт» суреті Нью-Йорктегі Sothebys аукционында 92 миллион 200 мың долларға сатылды.

Осылайша бұл сурет Боттичеллидің ең қымбатқа бағаланған шығармасына айналды. 2013 жылы оның «Бала ұстаған мадонна және жас Иоанн» суреті 10,4 миллион долларға сатылған.

Аукцион үйінің хабарлауынша, «Медаль ұстаған жас жігіт» шебердің саудаға шығарылған үздік туындыларының бірі. Суретті сатып алушының есімі жарияланбады.

Портрет 1470-1480 жылдары салынған. XVIII жылы бұл суретті Уэльстегі Ньюборо ақсүйек отбасы алған. 1982 жылы осы суретке америкалық деволопер Шелдон Солоу 1,3 млн доллар төлеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2490
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651