Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 7064 27 пікір 9 Ақпан, 2021 сағат 13:47

Қазақты қазақ етуді қолға алу керек

Қоғам санасының өсуіне мемлекет мейлінше ынта-жігер танытпаса болмайды. Егер мемлекет бұған көңіл бөлмесе, қоғам өздігінен дамымайды.

Қазір мемлекет қоғам санасын дамытудың тиімді тетіктерін әлі де таба алмай жатыр. Сондықтан бар салмақты әрі жауапкершілікті ұлттық санаға жүктеп, ол шашыраңқы күйге түсті.

Қазіргі кезде қоғамдық сананың даму бағыттарын шартты түрде былай бөлуге болады:

1. Ғылым мен білім (ұлтсызданған)

2. Өнер мен мәдениет (ұлттық санамен ұштасқан)

3. Діни сана (ұлтсызданған)

4. Философия (ұлттық платформада)

Мұнда:

1. Ғылым-білімнің тоқырауы - дінге жол ашады.

2. Өнер мен мәдениеттің тоқырауы Ұлттық философияның дамуын шектейді - Дінге жол ашады.

Міне, өздеріңіз байқап отырғандай, Ғылым, Білім, Өнер, Мәдениет, Философия дағдарысқа түссе - қарыштап дамитын тек Дін ғана екен!

Осыдан сақ болу керек.

Ол үшін ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ СТАНДАРТТАРЫН тез жасап, оны қоғамға нормативті түрде ендіруді қолға алу керек.

Өйткені Қазақстан жағдайында «адам сапасы» дегеніміз алдымен «сапалы қазақ» деген ұғыммен ұштасады.

Сонда ғана бізде «мемлекеттік даму» алға басады.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

27 пікір