Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 12430 35 пікір 15 Ақпан, 2021 сағат 15:50

«Орыс тілді мектептерді аралас тілге айналдыру керек»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялады. Онда айтылған «Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты», деген тезис бәрімізге ой салуы керек.

Бірақ Қазақстан Республикасының Президентінің бұл тезисін мақала шығысымен бас идеологы Нұртай Мұстафаев болып табылатын «қазақ тілінсіз қазақы бірегейлік» концепциясын қолдайтын ресейшіл топ жоққа шығаруды қолға алып, бірден қызу іске кірісіп кеткені жасырын емес. Қазақ тілі мен төл латын жазуына қатысты ел бірлігіне сызат түсіретін аса қауіпті сараптама мақалалардың ақпараттық майданы басталып кетті. Неге бұлай болды? Өйткені, КСРО кезінде Орталық Азиядан басқа 9 одақтас республиканың барлығының Батыс пен АҚШ-та қуғындағы үкіметтері болды. Олар өз ұлтының барша мұң-мұқтажымен әлем елдерін хабардар етіп отырды. Біз әлі күнге Мұстафа Шоқайды ұлықтауды қолға алған емеспіз. Алмаймыз да. Неліктен? Себебі, барлық ОА мемлекетін әлі күнге кешегі чекистер билеп отыр. 

Сондықтан, бір біз ғана емес, бүкіл Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері  отыз жыл бойы орыс тілінде ұлттық мемлекет құрып келді. Алысқа бармай, тілі мығым көрші Өзбекстанның латын жазуына тек 2013 жылы ғана біржола көшуі бәрімізді ойлантуға тиіс. 

Бізде өзі қазақ тілді, тек қазақ мүддесін көздейтін жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саяси стратегия бар ма!? Жоқ болса оны кім жасайды? Неге парысыдан, қытайдан, маңғұлдан, өзбектен т.б. елдерден келген қандастарымыз толықтай сол өздері қыр-сырын жақсы білетін елдердегі елшіліктерде қызмет етпейді. Неге?

Бұл бағытта мемлекеттік тілі орыс тілі болып саналатын Ресейден үлгі алуға тиіспіз. Көпұлтты, көп тілді ҚХР бір тілді ұлтқа айналдыру жолындағы Қытай тәжірибесі де ескерілуге тиіс. 

Аталған екі көршіміз барлық ұлт мектептерін қытай және орыс тілінде білім беруге көшірді. 

Бұған қарсылықты тек осы мемлекеттердегі татар, шешен, мари және маңғұл ұлттары ғана білдірді. Ал, бұрын тек өз тілінде ғана оқытып келген тыва мектептері бірден бірінші сыныптан бастап, тек орыс тілінде білім беруге көшті. 

Шешендер 2000 жылдан бері өз ана тілінде білім алуға қол жеткізе алмай келеді: «Вопрос его использования как языка обучения в начальной школе обсуждается с начала 2000-х годов, но все еще не решен. Функция языка делопроизводства чеченскому языку принадлежит частично: на него переводятся и публикуются указы главы республики, важнейшие постановления и распоряжения правительства, а кроме того, возможно ведение заседаний частично или полностью на чеченском языке».

Марилер де Путин билік басына келгеннен бастап ана тілінде білім беретін балабақшадан айырылды. Мари тілі жоқтаушысы, қоғамдық белсенді Римма Катаева "Idel.Реалии" тілшісіне берген сұхбатында: 

«Родители стали от воспитателей детских садов в городах и деревнях слышать: "Почему ваш ребёнок не говорит по-русски? Говорите дома по-русски"

Недавно я общалась с одной из заведующих детским садиком о том времени. Она рассказала, как их собрали в управлении образования Йошкар-Олы и сказали: "Кончайте с марийским компонентом, хватит играть в национальности". И потихонечку в садиках перестали использовать марийский язык, убрали воспитателей под видом оптимизации», - дейді.

Бізде де «қазақ тілінсіз қазақы бірегейлік» концепциясының итаршылары «қазақ ұлтшылдығымен жұртты қорқытып» көз бояу үшін аралас мектеп пен аралас балабақша ашып қазақ сәбилерін орыстандырып жатыр. 

Орыс мектептері аралас мектепке айналмай қазақ тілі өркендемейді. Өйткені, «қазақ тілінсіз қазақы бірегейлік» концепциясының жақтаушылар орыс тілді қазақтарды осы бастан латын жазуымен емес, латын тілімен қорқытып жатыр. Бұның алдын алу үшін 2024 жылдан бастап бірінші сыныпқа баратын шәкірттер үшін қазіргі орыс тілді мектептерді 50/50 және 70/30 пайыздық қазақ тілі тең және басым түрде білім беретін аралас мектептерге айналдыратын жаңа оқу бағдарламасы жасалуға тиіс. 

Ал, шағын елді мекендердегі бірлі жарым мұғалім оқытатын жабылудың аз-ақ алдындағы арысы 20-30, берісі 5-9 баласы бар орыс тілді мектептерді «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан жас ұстаздар арқылы 2023 жылдан бастап қазақтандыру кезек күттірмейді. Әрі мектеп болған соң, сондағы шағын ауылдарға Оңтүстіктен ұлы көш ағылады. Бұл мәселе кезек күттірмейді. 

Біз өз жерінде тұрса да, өз ана тілінде білім алуға шағын ұлт пен ұлысқа тыйым салатын аузын айға білеген Ресей де, Қытай да емеспіз. Сол себепті,  қазіргі орыс тілді мектептерді 50/50 және 70/30 пайыздық қазақ тілі тең және басым түрде білім беретін аралас мектептерге айналдыру өз қолымызда. Оған Ресей еш қарсы шыға алмайды. Өйткені, өзіндегі барша ұлт мектептерін жаппай жауып жатыр. Біз тек әзірше тек пайыздық көрсеткішпен оқытуға көшеміз. Кейін бәрін қазақтандыру қиынға соқпайды.

Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына жаңа сайланған депутаттар корпусы осы қадамға «2024 бастап барша орыс тілді мектептерді аралас тілді мектепке айналдыруға» арнайы заң шығарып, қажетті заңнама қабылдай отырып барады деген үміттеміз. Орыс мектебі бар кезде басқа ұлттар қазақ тілі мен мәдениетін еш қажет етпейді. Оған елді дүр сілкіндірген Қордай оқиғасы дәлел. 

Ұлттық мектеп дегенде ойға бірден оралуға тиіс «ана тіліндегі» және «аралас тілдегі» ұлттық қазақ мектептері деген ұғым-түсінгі алаш жұртының санасында қалыптаспай, қазақ мемлекетінің болшағының тағантасы қаланбайды. Бұлай болмаса, ағылшын отарларындағы елдердей 2050 жылы орыс тілді қазақ мемлекетіне айналып шыға келеміз. Ештен кеш жақсы, сілкінейік қазақ! Осы ұйықтағанымыз да жетер!

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1433
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5110