Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2784 0 пікір 26 Наурыз, 2012 сағат 11:03

Жаңаөзен сотына 100-ден аса жәбірленуші қатысады

Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс дүйсенбіде брифингте Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотқа 100-ден астам жәбірленуші қатысатынын хабарлады.

Петерстің айтуынша, 27 наурызда Ақтау қаласында басталатын сотқа 37 айыпталушы, 45 куә тартылады. Қылмыстық іске бұдан өзге 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатыспақ.

2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында, 17 желтоқсанда Шетпе станциясында болған тәртіпсіздіктер бойынша істі қарау Ақтауда 27 наурызда сағат 10-да басталатыны бұған дейін хабарланған болатын.

16 желтоқсанда Жаңаөзенде, 17 желтоқсанда Шетпеде шерушілерді күшпен қуып тарату барысында 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды (ресми есеп бойынша). Оппозиция қаза болғандардың саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады.

Оған дейін жергілікті мұнайшылар жеті ай бойына жалақыны көтеруді талап етіп, ереуіл өткізіп келген еді.

Дереккөз: аzattyq.org

today.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343