КСРО-ның соңғы басшысы 90 жасын қалай атап өтті?
2 наурыз күні КСРО-ның соңғы президенті Михаил Горбачев 90 жасқа толды. Ол карантиндік шектеулерге байланысты туған күнін отбасы мен достарының арасында өткізген.
Горбочев Кеңес Одағының лидерлері арасында ең ұзақ өмір сүрген басшы екен. Горбачев қорының өкілі Владимир Поляковтың айтуынша, бұрынғы кеңес басшысы коронавирусқа байланысты шектеулерден шаршаған.
Поляков «Франс пресске» берген пікірінде Горбачевтің пандемия кезінде ауруханада жатқанын, ал, 90 жылдық мерейтойын отбасы мен достарының арасында өткізетінін айтқан.
Ал, кеңес одағының соңғы басшысының мерейтойына бірнеше елден құттықтау келген. Олардың қатарында: Ресей президенті Владимир Путин, Америка көшбасшысы Джо Байден, Германия канцлері Ангела Меркель және басқалар бар.
Айта кетейік, Михаил Горбочев КСРО-ны реформалауға тырысты. Ел тарихының бұл кезеңі «Қайта құру» деп аталады. Сондай-ақ, оның шешімімен Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Ал, 1990 жылы Горбачевке Нобель сыйлығы берілген.
Abai.kz