Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5649 0 пікір 31 Наурыз, 2012 сағат 09:34

Серік Малеев: «Орыс газеттері халыққа қарсы болып шықты»

Бұған дейін «Алтын Орда» сайтын жасап, орыстілді қазақтар мен өзге диаспераларға қазақтың ойын, ұстанымын, өзекті мәселелерін, құндылықтарын жеткізіп, азаматтарды тұтастық пен мемлекетшілдікке  үндеп келе жатқан журналист Серік Малеев азаматтық ерлік жасап, «Казахский мир» газетін өз қаржысына шығара бастады. Бұл газеттің де басты мұраты - арасы алшақтап, бірін-бірі түсінбейтін күйге түскен орыстілді қазақтар мен диаспераларға ұлттың тарихын, мәдениетін насихаттай отырып, бүгінгі қазақ қоғамында, баспасөзде көтеріліп жатқан өзекті мәселелерді сараптап беру отыру. Сол арқылы мемлекеттің, қоғамның тұтастығына қызмет ету.
Төменде «Алтын Орда» сайтының және «Казахский мир»газетінің бас редакторы Серік Малеевпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Абай-ақпарт»

-«Казахский мир» деп аталатын газетіңіздің алғашқы санын шығарыпсыз. Құтты болсын! Қазақ әлемін орыстілді қауымға түсіндіруге, оларды өз қазығына қайтаруды мұрат еткен осындай басылымды шығаруыңызға не түрткі болды?

Бұған дейін «Алтын Орда» сайтын жасап, орыстілді қазақтар мен өзге диаспераларға қазақтың ойын, ұстанымын, өзекті мәселелерін, құндылықтарын жеткізіп, азаматтарды тұтастық пен мемлекетшілдікке  үндеп келе жатқан журналист Серік Малеев азаматтық ерлік жасап, «Казахский мир» газетін өз қаржысына шығара бастады. Бұл газеттің де басты мұраты - арасы алшақтап, бірін-бірі түсінбейтін күйге түскен орыстілді қазақтар мен диаспераларға ұлттың тарихын, мәдениетін насихаттай отырып, бүгінгі қазақ қоғамында, баспасөзде көтеріліп жатқан өзекті мәселелерді сараптап беру отыру. Сол арқылы мемлекеттің, қоғамның тұтастығына қызмет ету.
Төменде «Алтын Орда» сайтының және «Казахский мир»газетінің бас редакторы Серік Малеевпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Абай-ақпарт»

-«Казахский мир» деп аталатын газетіңіздің алғашқы санын шығарыпсыз. Құтты болсын! Қазақ әлемін орыстілді қауымға түсіндіруге, оларды өз қазығына қайтаруды мұрат еткен осындай басылымды шығаруыңызға не түрткі болды?

-«Мегаполис» газетінде жұмыс істеп жүрген кезімде қазақ баспасөзіне шолу жасап, мақаланың соңында өзімнің қортынды іспеттес түйген ойларымды беретінмін. Редакцияда апта бойы жарық көрген мақалалардың ішінде ең көп оқылған, ең көп пікір тудырған материалдардың таблицасы жүргізілетін еді. Міне, осы таблица қортындысы бойынша қазақ баспасөзіне жасалған шолу мен менің жазған ой түйіндерім ең көп оқылған және дау туғызған, талқыланған мақалалардың қатарынан түспей, үнемі жоғарғы орында болды. Осылайша, екі жыл бойы қазақ баспасөзіне шолу рейтинг есебінде бірінші орында болды.
«Мегаполис» газетінен жұмыстан кеткен соң, мен қазақбаспасөзіне шолуды кең көлемде, басқа форматта жалғастырғым келді. Ондағы ойым - біздің орыстілді қазақтар қазақ баспасөзінің не жазып жатқанын, қандай мәселелер көтеріп жүргенін білсін, ойлансын деген ниет.
Осы мақсаттың үдесінен шығу үшін «Алтын Орда» (http://www.altyn-orda.kz/)сайтын аштық. Сайтты ашуға, аяғын тұрып кетуіне көмектескен - Берік Әбдіғали мырза. Ол кісіге үлкен рахмет! Берік Әбдіғали «Мемлекеттік тілді дамыту» қорын басқарып отырған кезде сайтты ашуға, жұмыс жасауға - 1 миллион теңге берді.
Қазір сайт қалыпты жұмыс істеп тұр. Қаржы мәселесіне қол ұшын созған азаматтар болды. Бірақ, негізінен өз күшімізбен шығарып отырмыз. Бүгінде сайттың айлық оқырманы 150 мыңға жетті. Екі жылдан бері оқырмандар саны бір жарым миллионнан асып жығылды.
Бастапқы кезде сайттағы пікір алаңына түскен лас, анайы комменттерді алып тастап отырдық. Қазіргі кезде мәдениетті пікірталастар жүргізе алатын, тұшымды ой айтып, сауатты пікір жазатын оқырмандар қалыптасты. Сол пікірлердің арасынан жазуға керекті жаңа тақырыптар, көтерілуге тиісті мәселелер көп кездеседі. Ол жағына да үнемі көңіл бөліп отырамыз.
Сайттың жұмысы алға басқан соң, газет ашу туралы ой келді. Әлбетте, бүгінгі қоғамды «газет оқылмайды, өтпейді», деген түсінік бар. Алайда, қырықтың қырқасына шыққан, елуді еңсерген өмір бойы газет оқып келе жатқан қаншама азаматтар бар. Олар интернетті білмейді. Және олардың арасында орыстілді бауырларымыз өте көп. Ал, олар қазақ баспасөзіне де, қазақтілді ортада не болып жатқанын, нендей мәселелер күн тәртібіне шығып, қандай өзгерістер орын алып жатқанынан және оған қазақ қоғамының ұстанымы пен көзқарасы қандай екенін бейхабар.
Міне, осының бәрін ойластыра келіп, «Казахский мир» деген атпен жаңа газет шығаруды бастап отырмыз.
Газетте қазақ баспасөзінен аудармалар, өз материалдарымыз да бар. Негізінен, газетте тарихи, қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерге сараптамалық негізді жарық көріп тұрады. Ең бастысы - қазақ тілі мәселесі, ұлт мәселесі басты назарда болады.

-Газеттің атауын неге «Казахский мир» деп қойдыңыздар?

-Министрлікке тіркеуге газеттің құжаттарын өткізетін кезде сайттың атымен бірдей болсын деп «Алтын Орда» деп атағанбыз. Бірақ, «Алтын Орда» деген газет бар болып шықты. Министрлік басқа атау ұсыныңдар деді. Сөйтіп, «Казахский мир» деп атадық. Бұл атау өзіме ұнады. Әмбесі, газеттің мазмұнына да сай келеді.

-Демек, Сіз «Казахский мир» - Қазақ әлемі атты газет шығару арқылы елдегі орыстілді қазақтарға және басқа диаспера өкілдеріне қазақ әлемін ашып, көрсеткіңіз келеді ғой.

-Дұрыс аңғарғансыз. Менің ойымша, бір мемлекетте екі идеология болмау керек. Бір мемлекет - бір идеология қажет. Орыстілді қазақтар болсын, басқалар болсын, қазақ баспасөзі, қазақ қоғамы не істеп, не ойлап, нендей мәселелер көтеріп жатқанын білгісі келмесе де білуі тиіс. Ертең қандай да бір жағдай болған кезде аспаннан түскендей болмауы үшін қажет. Өйткені, олар да біздің мемлекеттің азаматтары ғой. Екіншіден, орыс басылымдарының редакторлары біздің газетті оқу арқылы өздерінің баспасөздік ұстанымдарын айқындасын, қандай мәселеге қай қырын бару керектігін бағамдасын әрі қазақтің тілін тауып, араласу үшін қазақтың форматы қандай екенін көрсін деген ой. Үшінші мақсат -  қазақ баспасөзін көтеру. Себебі, орыс басылымдарының арасында «Қазақ баспасөзі әлісіз, авторлар нашар» деген пікір бар. Ал, шындығында, қазақ баспасөзі орыстілді баспасөзден әлдеқайда мықты. Себебі, қазақ баспасөзінің сараптамалары өте күшті. Қазақ басылымдары үшін жабық тақырып жоқ. Кез келген мәселені көтереді, талқылайды. Мысалы, орыстілді баспасөзде жабық тақырып бар екені былай тұрыпты, оқырмандарының газетте жазылған дүниелерді қабылдауы сәл басқашалау. Соның кесірінен орыс баспасөзінің көптеген мәселелер бойынша жазғандарын, көтерген мәселелерін көп жағдайды қабылдамайды.

-Кеңес өкіметі тұсында қазақ баспасөзі өте жақсы оқылатын. Тәуелсіздіктен кейін орыс баспасөзі қаулап өсті, оқылымды басылымдарға айналды. Қазақ баслымдары әлі де еңсесін тіктей алмай келеді. Осының себебі неде деп ойлайсыз? Әлде қазақ баспасөзіне қарағанда, орыстілді баспасөз нарыққа тез бейімделіп кетті ме?

-Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасындағы мәңгүрттік - ерте дүние мәселе емес, ол біздің трагедиямызды айтып отыр. Шығарма кейіпкері Найман-ананың мынандай сөздері бар: «Адамды байлығынан, жерінен айыруға болады. Бірақ адамды қалай ша жадынан айыруға болады». Міне, совет өкіметі бізді жадымыздан айырып, мәңгүрт жасады. Мәңгүрттіктен әлі күнге шыға алмай келеміз. Мысалы, арғы тарихты айтпаған күннің өзінде берідегі Алаш зиялыларының өзін біз Тәуелсіздік алған соң ғана барып біле бастадық. Оған дейін ондай адамдардың болғанын мүлдем бейхабар болдық қой. Қазір қазағымыздың ішінде мәңгүрттер көп. Бұл - факт. Мұны мойындауымыз керек. Ал, олар қазақ әлемі дегеннің не екенін де білмейді.
Келесі санда газетке менің мәңгүрттер туралы мақалам жарық көреді. Ең әуелі біз тарихи жадымызды қайтаруымыз керек. Газетімізде тарихқа пен мәдениетке көп орын беріп отырғанымыздың басты себебі де сол. Екіншіден, мәңгүрттіктен шығу үшін тіліміздік қайтаруымыз қажет.
Үшіншіден, мысалы, Ресей арналары үнемі ойын-сауық, жеңіл форматтағы хабарларды береді. Себебі, Ресей билеушілеріне орыс халқының романтик болып отыра бергені керек. Ресей арналарын көретін біздің орыстілді қазақтарда орыстарға еліктеп жатыр. Ал, бізге тілді, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын романтиктер керек. Олардың саны аз болуы мүмкін. Алайда, олар қоғам әсер етеді. Ол бірте-бірте өз нәтижесін береді. Әрі қарай саяси-құқықтық мәселерді көтеріп, шешуге толық жол ашылады.
Ең бастысы тарихи жадымызды қайта орнықтыруға жұмыс істеуіміз керек. Біздің тарих - ең бай тарих. Ал, біз оны білмейміз.

-Оқырмандар тарапынан газет қалай қабылданып жатыр?

-Жақсы қабылданып жатыр. Әуелі төрт мың данамен шығардық. Әрине, газеттің өтпеген біраз бөлігі де бар. Оны жасырмаймыз. Өйткені, газеттің бағасы қымбаттау болды. Біз топтап сатушыларға - 40 теңгеден бергенбіз. Ал, олар жекелеген газет сатушыларға - 50 теңгеден беріпті. Сөйтіп, қазір сатылымда газеттің бағасы - 80 теңге болып тұр.
Ал, екінші санын таратушылардың өтінішімен, газет ел арасында танылғанша, тиімсіз болса да баспа бағасы - 20 теңгеден беріп жатырмыз.
Мұндай қадамға барып отырған себебіміз, газеттің құрылтайшысы - өзім. Ал, мен де үлкен қаражат жоқ. Амал жоқ, газеттің тез өтуі, таралуы үшін арзан бағамен беріп отырмыз. Есесіне, газет түгел тарап кетті.

-Сіз ерлікке пара-пар іске барып, орыстілді бауырларымыз бен өзге диаспералар үшін өз қаржыңызбен, талабыңызбен газет шығарып отырсыз. Мысалы, біздің порталда да орысша мақалалар берілетін бөлек парақша бар. Сіз бен біздің осындай еңбектенгеніміз бе қарамастан, орыстілді қазақтар мен басқа диаспералардың қазаққа оның тіліне, ұлттық мәселелеріне деген көзқарасы өзгермей келеді. Неге өзгермейді деп ойлайсыз?

-Аз еңбектеніп жатырмыз деп ойлаймын. Және біз шығара бастаған «Казахский мир» секілді газеттерге мемлекет көмек бергені жөн. Өткенде мемлекеттіл тіл туралы заң қабылдау мәселесі көтерілген кезде орыстілді баспасөздің көбі өре түрегеліп, қарсы шықты. Сонда өздері өмір сүріп отырған мемлекеттік саясатын қолдайтын бірде-бір орыстілді басылым табылмады. Сонда қалай? Олар қандай мемлекеттің мүддесін қорғап отырған газеттер? Ал, біз өз «Алтын Орда» сайтында мемлекеттік тіл туралы заң қабылдануы қажет екенін туралы материалдарды үнемі беріп отырдық. Және сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға қатысқандардың 70 пайызы мемлекеттік тіл туралы заң қабылдануы керек деп дауыс берді. Ал, орыстілді баспасөз қасасырып қарсы шығып, әлгіндей сауалнамалардың нәтижесін мүлдем көрсетпеді. Яғни, орыс газеттері халыққа қарсы болып шықты. Бұл мүлдем дұрыс емес.

-Ал, енді «Казахский мир» газеті, болашақта жарық көретін осындай басылымдар жоғарыда сіз айтып өткен көзқарастарды өзгерте ала ма?

-Егер осындай газеттер көп болса, әрине, өзгертеді. Оған билік мүдделі болуы тиіс. Билікке мемлекеттік идеологияны қолдайтын баспасөздің көп болған керек пе, әлде мемлекеттік идеологияға қарсы басылымдардың қарасы мол болғаны керек пе?
Мысалы, кезінде орыс-славян ұйымдарының бәрі қазақ тіліне қарсы шығатын. Ертісбаев мәдениет министрі болып тұрған тұста орыс-славян ұйымдары үндемесін деп ауыз бастырға ретінде «мемлекеттік тілді қолдау» жобасының аясында арнайы қаржы бөліп беретін. Ал, орыс елшілігі болса, орыс-славян ұйымдарына «орыс тілін қолдау» үшін тағы да арнайы ақша бөліп отырады. Осылайша, орыс-славян ұйымдары екі жақты кезек емді. Қаражат қажет кезде немесе орыс елшілігінің ақшасын ақтау үшін олар қазақ тіліне, қазақтың өзге өзекті мәселелеріне қарсы шығып отырады. Бұл - қасқырдан қорыққандықтан, қойын қасықрға өзі апарып беріп тұратын қойшының кейпі. Керісінше, министрлік ол ұйымдарға қарсы тұруы керек қой. Алайда, министрлікте, үкіметте қарсы шабуылға шығатын ешбір адам жоқ.
Міне, осы мәселені біз ашық көтердік. Мәдениет министрлігі басшылығына Мұхтар Құл-Мұхаммед келген бетте бұл саясатты өзгертті. Орыс-славян ұйымдарына қаражат бөлуді сап тыйды. Бунаков мырза «мәдени орталықтарды дамытуға қаржы бермей жатыр», «жылап» жүр.

-Керісінше, әлгіндей ниеті харам ұйымдарға бөлінген ақшаны мемлекеттік саясатты, ұлттық мәселені қашан да қолдайтын, насихаттайтын «Казахский мир» газеттерге бөлуі керек қой.  Ал, жеке қаржыңыз мұндай газетті үзбей шығаруға жетпейді ғой. Не істейсіз?

- Әрине. Шірегенде үш санын шығарармын. Сөз етіп отырған газетті шығару - таза азаматтық іс.
Қазіргі министрге көзқарасым дұрыс. Дархан Мыңбай мырзаны білемін. Ол өзі ғалым адам. Патриоттығы жоғары. Ұлт мәселесінің тоқсан толғауын жақсы біледі. Шынымды айтсам, оның министр болғанына өз басым ризамын. Осындай министрлердің тұсында жақсы өзгерістер болатынына үміттіміз.
«Казахский мир» секілді басылымдар мемлекетке қажет. Сондықтан, министрлік тарапынан көмек болатын шығар деп ойлаймыз.
Жалпы, орыс тілінде қазақ мәселесін көтеретін газеттер туралы айтқанда айтпай кетуге болмайтын бір адам бар. Ол - Алдан Айымбетов. Ол кісі «Казахская правда» газетін тек қана өз күшімен, өз қаржысымен шығарды. Мен ол кісіге газет алғаш шыға бастаған кезде, кейін тағы бірнеше жыл көмектесіп тұрдым. Алдекең газеттің баспаға дейінгі бүкіл жұмысын өзі істейтін. Компьтерде беттеу, салуда өз жасайтын. Менде ондай шеберлік жоқ. Біздің газеттің беттеушісі, дизайнері, жауапты хатшы бар. Газетте кішігірім ұжым бар десек болады. Сол үшінде біз газетті қазіргі заманғы сұранысқа сай шығаруға күш салып жатырмыз.
Біздің басты мақсат - «Казахский мир» газетін  - апталық газетке айналдыру. Әзірге айына бір рет жарық көреді.

-Әңгімеңізге рахмет! Сәттілік тілейміз!
«Абай-ақпарат»

Редакциядан:
«Казахский мир» газетін Алматы мен Астана қалалары мен облыс орталықтарынан қай жерден сатып алуға болатынын және «Қазпошта» арқылы қалай жаздырып алуға болатыны жөнінде мына жерден толық біле аласыздар: http://www.altyn-orda.kz/news/kazaxstanskie-novosti/po-povodu-gazety-kazaxskij-mir-est-svezhie-novosti/

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036