Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
6915 9 пікір 10 Наурыз, 2021 сағат 14:39

Өзбекстан экономикасы Қазақстанды артта қалдырады

«Қазақстандық экономист Айдархан Құсайынов Өзбекстанның Қазақстанды артта қалдыратынына сенімді», деп хабарлайды Украина.ру.

«Бүгін-ертең Өзбекстан Қазақстанды қуып жетіп, артта қалдырады дей алмаймын. Екеуінің арасындағы арақашықтық тым үлкен. Дей-тұра Өзбекстан экономикасының өсу қарқыны Қазақстаннан жоғары. Бізде алдағы бес жылда экономиканың өсімін 5%ға жеткізу көзделген, алайда бұның өзі Қазақстан жағдайында стагнация болып есептеледі. Экономика өсуі үшін ол 5%-дан кем көрсеткіш көрсетпеуі тиіс, одан төмен көрсеткіштің бәрі стагнация.

Өзбекстан экономикасының қарқыны соңғы 12 жылда Қазақстаннан жоғары. Өкінішке орай Өзбекстан бұл қарқынмен Қазақстанды қуып жетеді. Бүгін Өзбекстанда қарқынын арттыру мүмкіндігі бар, ал Қазақстанда ол жоқ. Қазақстан өзінің экономикасын құрылымдық түрде өзгертпесе, өсу қарқыны  5%-дан жоғары болмайды. Ал Өзбекстан 10, тіпті 12% көрсеткіш көрсетуі ғажап емес. Ерте ме, кеш пе, бұл болатын дүние», - деді сарапшы.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1111
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736