Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 10789 37 пікір 17 Наурыз, 2021 сағат 17:04

«Қазатомпром» Қытайға уран кен орнын сатпақ

Қытай Түркістан облысындағы «Қазатмөнеркәсіпке» тиесілі екі уран кен орынынан қомақты үлес сатып алады. Екіжақты келісімдерді 2021 жылдың маусымына дейін аяқтау жоспарланыпты. Бұл туралы ақпарат 2020 жылдың желтоқсанында жария болған. Ол кезде «Курсив» сайты «Қазатомпром 49% акциясын Қытайға сатпақ», деп жазған.

Онда, «Қазатомпром» ҰК 2021 жылдың маусымының аяғына дейін Қытайдың China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) компаниясымен арадағы келісімдерді аяқтайтыны айтылған. Ол – «Орталық КӨ» ЖШС дейтін еншілес компанияның үлестерін сату туралы келісімдер болған.

«Қазатомпром» ҰК Түркістан облысына қарасты Жалпақ және Орталық Мыңқұдық кен орындарында уран өндіріп отырған «Орталық КӨ» ЖШС-ның 49%-ын сатуды жоспарлаған.

Бұл келісімнің мәні былай дейді: Қазақстан «Орталық КӨ» ЖШС-ның үлесін сатады. Ақысына Қытай  CGNPC еншілес компаниясы мен «Қазатомпромның» «Үлбі-ТВС» атом стансасынан 20 жыл бойы жылу шығаратын торап (ТВС) алып отырады.

Дәл қазіргі уақытта «Жалпақ» жобасы бойынша тәжірбиелік мақсатта өндіріс іске қосылған. Егер ол сәтті шықса, 2022 жылдан бастап толық масщтабта кен өндірісі басталады (уран өндірісі). «Орталық КӨ» ЖШС-дағы уран өндірісінің көлемі 2019 жылы 1694 тонна болған. Бұл кәсіпорынның 100 пайыз акциясы Ұлттық компанияға тиесілі. Ал жалпы 2019 жылы Қазақстандағы уран өндірісінің көлемі – 22 808 тонна болған.

Бұл «Қазатомпром» мен CGNPC арасындағы 2014, 2015 және 2016 жылдардағы өзара ядролық энергетика саласы бойынша әріптестікті арттыру туралы келісімдернің бір бөлігі екен.

Келісім шарт бойынша, CGNPC URC 20 жыл бойы «Үлбі-ТВС» зауытынан жыл сайын 200 тонна көлемінде уран металын жылу шығаратын торап формасында  (ТВС) сатып алуды міндеттейді.  Тараптар CGNPC URC жаңағы «Үлбі-ТВС» зауытына алғашқы тапсырысты бергеннен бастап, «Қазатомпром» қытайлық серіктестеріне «Орталық КӨ» ЖШС-ның 49%-ын нарықтық бағамен сатуға келіскен. Қазіргі таңда, активтер тәуелсіз бағалаудан өтуде (due-diligence).

«Орталық КӨ» ЖШС-ның 49% үлесін CGNPC немесе оның еншілес компаниясының пайдасына өткізу туралы келісім 2021 жылдың 30 маусымына дейін аяқталады деп күтілуде (қажетті корпоративтік және үкіметтік прцедуралардан толық өткен жағдайда)», - делінген «Қазатомпромның» 29 желтоқсанда таратқан хабарламасында.

Келіссөздер аяқталып, келісім жасалған соң, «Орталық КӨ» ЖШС-ның 51% иелігі «Қазатомпромның» еншісінде қалады.

Курсив материалы:

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434