Сейсенбі, 28 Қаңтар 2025
6286 1 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 14:53

Қытайда теракт болды

Қытайдың оңтүстігінде террорлық акт болды. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Теракт Гуанчжоу қаласының ауыл шаруашылық комитетінің ғимаратында болған. Шабуыл жасаушы өзін-өзі жарып жіберген.

Жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 5 адам ауыр жарақат алған. Шабуылды 59 жастағы Қытай азаматы жасауы мүмкін деген деректер бар. Алайда тергеу нәтижелері толық шықпай, бұл болжамды растауға әлі ерте.

"Шабуыл жасаушының жерін жергілікті билік тартып алғандықтан, осындай қадамға баруы мүмкін" дейді «Синьхуа» агенттігі.

Abai.kz

1 пікір