Сенбі, 23 Қараша 2024
5093 1 пікір 25 Наурыз, 2021 сағат 18:28

Facebook Қытай хакерлерін бұғаттады

Facebook өкілдері түрлі зиянды сайттар арқылы Қытайдан тыс аймақта өмір сүретін ұйғырларды бақылап, гаджеттеріне вирус жіберумен айналысқан қытайлық хакерлерді бұғаттап тастағанын мәлімдеді. Бұл туралы 25 наурызда CNBC сайты ақпарат таратты. 

CNBCдің хабарлауынша Earth Empusa немесе Evil Eye атты атпен танымал қытайлық хакерлер тобы түрлі әдістер мен қосымшалар арқылы өзге елдегі ұйғырларды бақылап, гаджеттеріне қажет сәтте вирус жіберіп отырған. Хакерлер көбіне Қазақстан, АҚШ, Сирия, Аустралия, Түркия, Ресейде тұратын ұйғырлардың гаджеттерін бақылауға алған. Олар әлеуметтік желілерде түрлі лақап аттармен тіркеліп, "адам құқығын қорғаушы" ретінде тіркеліп, адамдардың сеніміне кіріп, ақпарат жинаған,

Facebook хакерлерді бұғаттап тастауын Қытай билігінің саясатына қатысы жоқ екенін айтты. 2016 жылдан бастап Қытайдың Шыңжаң аймағында ұйғыр, қазақ және өзге ұлт өкілдеріне қатысты Қытай билігі қатаң саясат ұстанып, адам құқығын өрескел бұзумен келеді.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351